Жаңалықтар

ЖОО-ларға қосымша гранттар қашан берілетіні белгілі болды

  • © Foto: Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook

    © Foto: Официальный аккаунт Назарбаев Университета в Facebook

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қосымша гранттар саны туралы ақпарат бір айдан кейін жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастамасын жариялаған кезде, жастарға қамқорлық ретінде қосымша 20 мың грант бөлуді тапсырған болатын.


Сағадиев өз басшылық ететін министрліктің Елбасының міндеттерін орындауды бастап кеткенін айтты.


"Жол картасына сәйкес, министрлік қосымша оқу гранттарына қатысы ұсыныстарын қаулы жобасы түрінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жоғары оқу орындарына жолдады. Қазіргі таңда министрлік олардан тиісті жауап күтіп отыр. Сол жобаға сәйкес 11 мың грант техникалық мамандыққа, 5 мың грант басқа мамандықтарға, үш мың грант магистратураға және бір мың грант PhD бағыттарға бөлінеді", —деді министр.


Сонымен қатар Сағадиев ҰБТ-ға өте аз уақыт қалғанын, ал халық ведомстводан қандай мамандыққа қанша грант бөлінгені туралы ақпарат күтетінін айтты.


"Біздің ойымызша, осы гранттардың санын жобалық болжам ретінде барлық министрлікпен келісіп, бір айдың ішінде жариялау керек. Халық оны күтіп отыр. Сосын бюджет заңнамасына, нормативтік актілерге тиісті өзгерістер енгізу қажет", — деді министрлік басшысы.


 


 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.03.2018, 21:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31