Жаңалықтар

ЖОО түсу кезінде қандай олимпиадалардың артықшылығы бар?

  • © kaznai.kz

    © kaznai.kz

Жекеменшік ұйымдардың ұсынып отырған ақылы олимпиадалары жоғары оқу орнында білім алуға арналған білім гранттарын иеленуге артықшылық бермейді, деп мәлімдеді "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша соңғы кездері жоғары сынып оқушылары арасында түрлі ұйымдардың ақылы түрде зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеулік сипаттағы турнирлер өткізу жиілеген. Көптеген ата-аналар жоғары оқу орнына түсу кезінде білім беру грантын иелену үшін маңызды болады деген сеніммен, балаларын осындай олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік жасайды.


"Алайда, ата-аналар мен оқушылардың білуі тиісті мәселе, ол біздің елімізде дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету негізінде атқарылатын жұмыстар, жалпыға бірдей пәндерден республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік шаралар (турнирлер, фестивальдар, ғылыми жарыстар және жалпы пәндер бойынша олимпиадалар) "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ғана өткізіледі. Барлық зияткерлік тұрғыдағы іс-шаралар ақысыз негізде жүргізіледі", — деп мәлімдеді орталықтың баспасөз орталығы.


Сонымен қатар, "Дарын" орталығы республикалық және халықаралық олимпиадалар мен жалпы пәндер бойынша өткізілетін жарыстар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін ескертті.


Ата-аналар балаларын кез-келген олимпиадаларға қатыстыруға құқылы. Алайда, "Дарын" ата-аналарды оқушылардың қатысатын зияткерлік шараларды таңдау кезінде шын мәнінде пайдалы жағын көбірек қарастырып, қырағылық танытуға шақырды.


Sputnik




 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

жұма, 13.10.2017, 10:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31