Жаңалықтар

Қарағұсова: Мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп көлгірсудің қажеті жоқ

  • Қарағұсова: Мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп көлгірсудің қажеті жоқ

    Қарағұсова: Мұғалімдердің жалақысын өсіреміз деп көлгірсудің қажеті жоқ

Парламент мәжілісінің депутаттары "2018-2020 жылдардағы республикалық бюджет" туралы түзетулер жобасын талқылау барысында мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесін қозғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілісте таратылған материалдарға сүйенсек, бюджетте қарастырылғандай, жаңартылған мазмұндағы бағдарламалар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30%-ға дейін арттырылмақ.


Биыл қаңтар айынан бастап қосымша ақы бірінші, екінші, бесінші және жетінші сынып мұғалімдеріне төленеді. Ал қыркүйектен бастап – үшінші, алтыншы және сегізінші сыныптар мұғалімдеріне. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап – төртінші, тоғызыншы, оныншы сыныптар үшін, 2020 жылдың қыркүйегінен бастап – 11 сыныптар үшін.


Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша, мұғалімдер қауымдастығы бұл шаралармен келіскен.


"Олар сіздермен қалайша келіспесін? Бұл мұғалімдер қауымдастығы ғой", — деп жауап берді Қазбекова.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова да әріптесін қолдады.


"Мұны 2004 жылдан бері айтып келемін. Жалақының өскені туралы айтқанда, көлгірсудің қажеті жоқ, біз жалақының бір бөлігі болып табылатын базалық қызметақының өскенін ғана айтамыз. Яғни 29% — бұл жалақының емес, қызметақының өсімі. Жалақы құрылымында бұл 29% жоқ. Президенттің айтқанын, қалай болса, солай орындаймыз", — деді Қарағұсова.

Бұрын Қарағұсова мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы мәселені қозғаған еді. 




Көрілген: 1903    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31