Қайырымдылық қоры балаларға қуаныш сыйлады

Қайырымдылық қоры балаларға қуаныш сыйлады

Адамзат қандай игі іс жасаса да, бар жақсыны балалар үшін, болашақ ұрпағының игілігі үшін жасайды емес пе! Өйткені балалар – көзіміздің нұры, еліміздің ертеңі. Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры құрылғалы науқас балалар үшін түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, шама-шарқынша мұқтаж балаларға көмектесіп келеді. Қордың көптеген игі істерінен бөлек, жыл сайын 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастыратын қайырымдылық шарасы көпке үлгі боларлық.

Биыл 1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында Асқар Жакулин атындағы қор жыл сайынғы үрдіспен «Тамшы мейірім» акциясын ұйымдастырып, науқас балаларға сый-сияпат жасады. Естеріңізге сала кетейік, қайырымдылық қоры жыл сайын шағын футболдан «Асқар Жакулин кубогі» турнирін өткізуді дағдыға айналдырған болатын. Осы қайырымдылық турнирінен түскен қаражат жылда Балаларды қорғау күнінен орай «Тамшы» мейірім» акциясын ұйымдастыруға жұмсалады. Биылғы футбол турнирінен жиналған қаржы Алматы қаласындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ота жасауға дайындық бөлмесін жабдықтауға және онкология ауруларының 3-ші бөліміне жұмсалды. Яғни қайырымыдылық қоры осы бөлменің қабырғаларын балаларға арнап түрлі суреттермен безендірді, терезелеріне жалюзилер іліп, едендеріне кілемшелер төседі және бөлмені түрлі ойыншықт армен толтырды, қажетті жиһаздары мен төсек жабдықтарын, басқа да керекті тұрмыстық заттарын сыйға тартты. Осылайша қайырымдылық қоры сәл де болса науқас балалардың көңілін аулап, қуаныш сыйлауға барын салды.

Өздеріне жасалған сый-сияпатты медициналық мекеме қуана қабыл алды. ШЖҚ РМК «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының» директоры Боранбаева Риза Зулкарнаевна ұжымның және ата-аналардың атынан Асқар Жакулин атындағы қордың директоры Гүлнар Сейдоллақызына ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.

Тағы бір тілге тиек етерлік жайт, өткен аптада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Ресей мамандарының қатысуымен көздің қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеуге арналған шеберлік сабағы өткен болатын. Көбіне мұндай сирек кездесетін ауруға шалдыққан балалар шетелде емделуге мәжбүр болатын. Бұл шеберлік сабағы шетелде емеделуді қажет етіп отырған балалар үшін таптырмас мүмкіндік. Шеберлік сабағында ретинобластомаға шалдыққан балаларға селективті интраартериалды химиялық терапия (СИАХТ) жүргізілді.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мамандарының айтуынша, ретинобластомаға шалдыққан науқастарды жедел емдеу шарасы Қазақстан да алғаш рет жүзеге асырылмақ.

«Аталған операция түрі балалардың көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Операцияның ерекшелігі де осында» - деді мамандар. Ретинобластомаға шалдыққан төрт балаға операция жасау үшін Ресейден Н.Н. Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығының дәрігерлері - ангиохирург И.А.Трофимов және анестезиолог Л.А.Мартынов арнайы шақырылған. Тәжірибелі дәрігерлердің дәрісі, кеңесі біздің еліміздің мамандары үшін өте құнды болды.

Асқар Жакулин атындағы қор Алматыға арнайы шақырылған дәрігерлердің бірі анестезиолог Л.А.Мартыновтың қаламақысын төлеуге қол ұшын берді. Қор өз тарапынан дәрігерге 1 200 000 теңге көлемінде қаламақы төледі.

Риза Боранбаева, ҚР ДСМ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, м.ғ.д.:

Қазақстанда көз іші қатерлі ісігіне шалдыққан балалар 2015 жылдан бері біздің Ғылыми орталықта ем алады. Ретинобластома – ол балаларда сирек кездесетін, тұқым қуалайтын көз іші қатерлі ісігі. Жыл сайын елімізде ретинобластомаға шалдыққан 20-25 бала тіркеледі. Бұл кесел көбіне 5 жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Барлық қат ерлік ісік ауруларының 4 пайызын  ретинобластома. Аталған дерт 14 000-20 000 тірі туылған нәрестеге шаққанда 1 жағдайда кездеседі. Соңғы жылдары енгізіліп отырған жаңа емдеу тәсілдері мен диагностикалаудың арқасында балалардың өмір сүруі ұзара түсті. Біздің мамандар Германия, Австрия сынды елдерге барып, білімдерін шыңдап келеді, сондай-ақ, шетелдік мамандардың қатыстыруымен өз мамандарымыздың біліктіліктерін арттыруға арналған түрлі шеберлік-сыныптарын өткізіп отырамыз. Орталықта 2015 жылдан бастап бұл дертті емдеу бойынша лазеркоагуляция және интравитреалды химиотерапия тәрізді жергілікті емдеу әдістері белсенді енгізіліп және қолданылып келеді. Бұл жұмыстарды Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп іске асырып отырмыз. 2017 жылдан бастап көз алмасын энуклеациядан кейін өсіп келе жатқан баланың бет сүйегінің косметикалық ақауын төмендетуге мүмкіндік беретін көз импланттарын қолдану басталды. Біздің алдымызда тұрған келесі қадам – ол соңғы 10 жылда АҚШ-та қолданылып және баланың өмірін ғана сақтап қоймай, сонымен қатар 95%-ға дейін көзді де сақтауға мүмкіндік беретін органсақтаушы емнің озық әдісін енгізу болып отыр. Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда алғаш рет енгізілгелі отырған жаңа технология - селективті интраартериалды химиотерапия ондаған науқас балаларға көздерін сақтап қалуға мүмкіндік береді.


Дәрігердің айтуынша, операцияны өткізуге орталықта барлық жағдай жасалған, арнайы медициналық құрал-жабдықтар мен аппараттар бар және мамандар да жеткілікті.

– Көз іші қатерлі ісігін емдеудің бірнеше түрі бар. Оның ішінде селективті интраартериалды химиотерапия (СИАХТ) әдісі ең тиімдісі. Бұл ем Америкада 10 жылдан бері қолданылып келеді және қазіргі кезде бұл ем ең тиімді емес, баланың ары қарай қалыпты өмір сүруіне мүмкіндіек береді. Бұған дейін Қазақстанда емдеудің стандартты тәсілі көзді алып тастау еді. Өмір бойы көз протезін киіп жүру психологиялық тұрғыдан, тіпті қай жағынан алсаң да бала үшін де, ата-ана үшін де өте ауыр. Сондықтан, ата-аналардың көпшілігі көзді сақтап қалу үшін балаларын шетелдерде емдетуге тырысатын.. Мәселен, Ресейде бұл отаны жасату үшін 350 000 рубль қажет болса, Үндістан, Швейцарияда 60 000-70 000 АҚШ доллар тұрады. Соңғы 10 жылда әлем бойынша ретинобластоманы емдеу өзгерген. Көптеген елдерде көзді алып тастау әдісі азаюда. Көз іші қатерлі ісігі - ретинобластоманы емдеудің орган сақтаушы әдісін енгізу және дамыту Қазақстан азаматтарының өз отанында анатомиялық және функционалдық орган ретінде көздерін сақтай отырып жоғары мамандандырылған тегін көмек алуына мүмкіндік береді – , деді «Қазақ көз аурулары ҒЗИ» АҚ-ның Басқарма төрағасы, м.ғ.д. Марат Сүлейменов.

Балаларда кездесетін көз іші ісігінің арасында ретинобластома 90%-ды құрайды және қатерлілігі жоғары. Жыл сайын әлемде 8100  ретинобластомаға ұшыраған науқас анықталады екен, оның 570-810-ы нәрестелерде. Ретинобластомада көз алмасының бәрін ісік басып, көру жүйкесіне, көз ұясына, бас миына агрессивті ісік өсіп шығады. Ісік науқасты тек көру қабілетінен айырып қоймай, метастаздың басқа органдарда да пайда болуына әкеп соғады. 

Мәскеулік дәрігер Игорь Трофимовтың айтуынша, көздің қатерлі ісігін емдеу Н.Н.Блохин атындағы Онкологиялық ұлттық медициналық зерттеу орталығында 2011 жылдан енгізілген.

И.Трофимов, ресейлік дәрігер-ангиохирург: Блохин атындағы Онкологиялық орталық ретинобластоманы емдеу бойынша айналысатын Ресейдегі жалғыз орталық. 5 жылдан бері бұл мәселеге біз ерекше назар аударып келеміз. Жылына орталықта 120-дан астам ота жасалынады. Операцияны жасау 1-1,5 жарым сағат уақытты алады және дайындығы тағы бар. Препарат басқа органдарға нұқсан келтірмей, ошаққа дәл жіберіледі.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы баспасөз-мәслихатында арнайы қаражат бөліп, шеберлік-сыныпты өткізуге мүмкіндік берген ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және демеушілік көрсеткен Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына үлкен алғыс білдірді. Шараға шеберлік-сыныбының тыңдаушылары ретінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 30-дан астам онколог дәрігер, педиатрлар мен офтальмологтар қатысты.

Айнұр Нұрсабетқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста