Жаңалықтар

Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра

  • Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра

    Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра

Қазақ тілі Мұғалім: Шапихова Бибигуль Зайноллиновна


Сынып: 8 «А»


Сабақ тақырыбы: Қазақ тілі - ұлттық мәдени, рухани асыл мұра


Жалпы мақсат: Қазақ тілі туралы түсінік. Берілген мәтінмен жұмыс


Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі Үлестірме материалдары


Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа


Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Шарлар арқылы топтарға бөлу.


Қызығушылықты ояту


«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді. Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып


Тілді жасаушы – халықтың өзі.Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді.Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ.себебі ана тілінсіз ұлт мәдениеті,ұлт әдебиеті жоқ.Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз.Ол халықтың,ұлттың кескін-келбеті деуге болады.Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын,өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп береді. Қазақ тілі – дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын.Ол Пушкин,Лермонтов,Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе,солардай етіп,сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді. Қазір қазақ тілі мейлінше дамып,байып,жетілді.Нақты әдеби тіл жасалды.Орта мекетептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр. Демек,саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі,жазылады.Міне,мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін,ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер,терминдер,фразалар пайда болғанын білдіреді. Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының,қазақ ұлтының байлығы.Осы байлықты бағалай білуіміз керек.Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады. Оқулықта берілген мәтінмен танысу Топтарға тапсырма: 1-топ Асылымызды ардақтайық. Эссе жазу. 2-топ Қазақ тілін зерттеушілер Постер жасау 3-топ Сұрақтар құрастыру


Сергіту сәті «Қаражорға» биі Оқушылар сергіп, демалады


Шығармашылық жұмыс


Әдеби тіл деген ұғымды, мемлекеттік тіл деген ұғыммен байланыстырып баяндама жасаңдар. Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды


Үй тапсырмасын беру


4-бет. Оқу,түсіну Үй тапсырмасын білу, түртіп алу


Бағалау


Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі бағалауы


Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру


«Екі жұлдыз, бір тілек»


Шапихова Бибигуль Зайноллиновна


ШҚО, Көкпекті ауданы, Белое ауылы

«Октябрь мектеп – балабақша кешені» КММ


Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


 




Көрілген: 196    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 21.12.2017, 15:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31