Жаңалықтар

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың» алғашқы 18-і жарыққа шықты

  • «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың» алғашқы 18-і жарыққа шықты

    «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтың» алғашқы 18-і жарыққа шықты

Астанада шет тілдерден аударылған 18 оқулықтың таныстырылымы өтті. Назарбаев орталығында өткен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған кітаптардың таныстырылымына Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қатысып, бұл мәселені тікелей өзі назарда ұстап отырғанын айтты.

Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл толып отыр. Соның ішінде "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы да бар. Осы уақытқа дейін осы жоба барысында философия, дінтану, антропология және журналистика бойынша 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Әрбір оқулық 10 мың данамен басылып, алдағы бір айдың ішінде жоғары оқу орындары мен кітапxаналарға таратылмақ. Биылдан бастап оқу бағдарламасына да енгізіледі. Барлық оқулықтардың электронды нұсқалары және соның негізінде әзірленген бейнедәрістер топтамасы Қазақстанның ашық университеті платформасы (OpenU.kz) арқылы таратылады.

"Негізі, кітаптардың барлығы менің үстелімде жатыр. Бір аптадан бері отырып, бәрін парақтап, біз оқыған кезде қолға тимеген дүниелер екеніне көзім жетті. Менеджмент болсын, басқару болсын, бәрін біліп-танып жатырмыз ғой. Бірақ мынау псиxология, тіл тариxы сияқты ғылым салаларымен терең танысқанымыз жоқ. Ағылшын тілінде оқыған жастарымыз оқыған шығар. Бірақ қазақтың баласы әлі таныспаған. Сондықтан біз бір жағынан қазақ тілін байытып, екінші жағынан білімді одан ары өсіреміз деп, осы жобаны қолға алып отырмыз", - деді Елбасы жиын барысында. "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын іске асыру мақсатында үкіметтік емес және коммерциялық емес негізде жұмыс істейтін "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры құрылды. Әлемнің жетекші баспаларымен байланыс жасалды. Алғашқы 18 оқулықтың глоссарийлері негізінде 3 мыңнан астам ғылыми терминдер мен ұғымдар жиналды. Солардың үштен бірі қолданысқа жаңадан енгізіліп отыр.

Тұсаукесерге ұсынылған алғашқы 18 кітаптың ішінде мынадай еңбектер бар. Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»; Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы. Антика философиясы» І-томы және «Батыс философиясының жаңа тарихы. Орта ғасыр философиясы» ІІ-томы; Реми Хесстің «Философияның таңдаулы 25 кітабы»; Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың «Әлеуметтану негіздері»; Джордж Ритцер, Джеффри Степницкидің «Әлеуметтану теориясы»; Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе»; Дуэйн Шульц, Сидней Эллен Шульцтің «Қазіргі психология тарихы»; Дэвид Г. Майерс, Жан М. Туенждің «Әлеуметтік психология»; Н. Грегори Мэнкью, Марк П. Тейлордың «Экономикс»; Дональд Ф. Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика»; Рикки У. Гриффиннің «Менеджмент»; Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны»; Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе»; Светлана Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация»; Алан Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы»; Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революциясы».

Тұсаукесерде Президент сондай-ақ, бұл үрдістің алғашқы уақытта қарқынды дами беретінін айтып, аударма ісімен айналысып жатқан ұжымға рахметін айтып, олардың алдына жаңа міндет-мақсаттар қойды.

Ш.Рақымқызы,

Халықаралық бизнес университеті


 




 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

жұма, 13.04.2018, 01:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30