Жаңалықтар

Қазақстанда кәсіптік техникалық білімге бөлінетін квота көбейеді

  • © aktobetv.kz

    © aktobetv.kz

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жетілдіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Еңбек нарығының жаңа талаптарын ескере отырып, бағдарламаны одан әрі жетілдірген жөн. Осыған байланысты бағдарлама құралдарының тиімділігін арттыру және жаңа шаралармен толықтыру үшін оған өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Біріншіден, мектеп бітірушілердің саны жыл санап артып келе жатқанын ескере отырып, кәсіптік техникалық білім беру аясында бірінші мамандық алу үшін квотаны көбейтуді ұсынамыз. Қажетті ұсыныстар Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірленуде», - деді ол.


Оның айтуынша, екіншіден, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту тәсілдерін қайта қарау және оларды жұмысқа тұруға бағыттау қажет. Оның аясында оқу орындары мен колледждердің, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының тізбесі қайта қаралады, онлайн оқыту мүмкіндігі де қарастырылуда.


«Үшіншіден, азаматтарды еңбек күші тапшы солтүстік өңірлерге көшуге ынталандыру үшін «Серпін» және «Дипломмен ауылға» бағдарламаларын интеграциялау көзделіп отыр. Осыған қоса, қоныстанушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тұрғын үй салу мен сатып алудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Пилоттық жоба Солтүстік Қазақстан облысында апробациядан өтеді, одан кейін басқа өңірлерге таратылады. Төртіншіден, қазірде мемлекеттік бағдарламалар, инвестициялық жобалар мен шағын және орта бизнес аясындағы жұмыс орындарына мониторинг жүргізу бөлігінде мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру күшейтіледі», - деді Мәдина Әбілқасымова.


 




Көрілген: 199    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.07.2018, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31