Жаңалықтар

Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейді

  • Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейді

    Қазақстанда мектеп бағдарламасы жеңілдейді

 ҚР Білім және ғылым министрлігі мектептерде типтік оқу жоспарларын жеңілдету бағытында жұмыстарға кірісті. «Сарапшылардың көпшілігі біздің балалардың мектептегі жүктемесіне ауыр екенін растап отыр. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы назар аударған еді.


ТМД және ЭЫДҰ елдерімен салыстырсақ, біздің типтік оқу жоспарларымыздың артық жүктемесі бар. Қазіргі кезде министрлік тиісті жұмысты іске асырып жатыр, осы орайда жұмыс тобы құрылды. Бұл бағытта сарапшылармен, әдіскерлермен және педагогтық қоғамдастықпен консультациялар жүріп жатыр», – деді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Бұл тұрғыда ол мектеп бағдарламаларын жеңілдету ауқымды талдау жұмыстарын қажет етіп отырғанын сөз етті. «Оқу бағдарламасын жай ғана қысқарта салу қисынсыз әрекет. Бұл ретте білім саласы алдында тұрған мақсаттарды ескеру керек, сонымен қатар қоғам үшін қажет мектеп түлегіне қойылатын талаптар пысықталуы тиіс. Сондықтан осы өзекті мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау қажет. Сәйкесінше, бұл бағытта білікті сарапшылар өз бағасын беруі орынды болар еді», - деп түйді ол. Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл ақпан айында Мәжілісте орта білім мәселелеріне арналған отырыста Бекболат Тілеухан баласы теңертеңнен кешке дейін мектепте екенін айтып, наразылығын білдірген еді.


24.kz




Көрілген: 1167    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 19:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31