Жаңалықтар

Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды

  • Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды

    Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды

Қазақстанда мұғалімдерге 50 пайызға дейін қосымша ақы беру заңдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.


Өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына енгізілген. Жаңартылған білім мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне 30 пайыз көлемінде қосымша ақы берілетіні айтылады. "Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді", - делінген құжатта. Сондай-ақ, білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұлттық біліктілік тестінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мұғалімдерге: педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модераторларға 30-50 пайыз көлемінде қосымша ақы төленетіні айтылады. "Көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен артық емес нақты жүктемені ескере отырып белгіленеді. Осы тармақ 2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта. Осы қаулының 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетіні айтылады.




Көрілген: 1492    Пікірлер: 1

сейсенбі, 13.02.2018, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31