Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды

  • Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды

    Қазақстандық оқушылар қаржылық сауаттылықты мектепте үйрене бастайды

Павлодар қаласының мектептерінде өскелең ұрпақтың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, қаржылық сауаттылыққа оқыту жобасы іске асырылады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.


Порталдың хабарлауынша, бұл бастаманы экономика және бюджеттік жоспарлау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Анатолий Бойчин қолға алған. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес, 10-11 сыныптарда "Экономика және қаржылық сауаттылық" курсын енгізу көзделіп отыр. Банк саласының тәжірибелі мамандары қаржылық сауаттылық бойынша арнайы курсты таңдаған оқушыларға практикалық дәрістер өткізеді. "Курс 14 сағатқа жоспарланған. Бағдарламада оқушыларға несие карталарды пайдалану, несие беру жағдайларын, мерзімді салымдар ашуды, түрлі төлемдерді онлайн-қызметтерде іске асыруды, кассалық және аудармалы операцияларды жүргізуді үйретеді", - дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар оқушыларды SMS-банкингтің басымдылығына, есеп шоттарын қашықтан пайдалануды, myHalyk мобильді қосымшаларын қолдануды, Интернет желісінде есептесу мүмкіндіктерін үйрету міндеттерін іске асыруды көздеп отыр. "2018 жылы 12 ақпанда №17 мектепте (Қатаев көшесі, 68) жобаның басталу рәсімі өтеді және "Қаржылық сауаттылық" бойынша арнайы кабинет ашылады. Бағдарламаны таныстыру барысында оқушылар теңге тарихынан қызықты фактілер туралы біледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының төлем карталарын алғашқы болып Павлодар облысында пайдаланған. Балаларға ақшаның түпнұсқасын (шынайылығын) ажырату тәсілдері көрсетіледі. Бұл жоба қаланың 34 мектебінде жүзеге асырылады деп күтілуде. Аталған курстарда 8-11 сыныптардың 800-ден аса оқушысы қамтылады", - делінген жарияланымда. 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.02.2018, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31