Жаңалықтар

Қазақстандық түлектер неге Ресей мен Қытай ЖОО-ларын таңдайды?

  • © Sputnik / Виталий Аньков

    © Sputnik / Виталий Аньков

Қазақстандық түлектердің студенттік көші-қонын сараптау бойынша ірі зерттеу жобасының нәтижесінде анықталғандай, қазақстандық түлектердің 20 пайызы Қытай мен Ресей жоғары оқу орындарын таңдайды екен.


Жыл сайын қазақстандық мектеп аттестатын 100 мың түлек алады. Оның 20 пайызы, яғни әр бесінші түлек шетелге оқуға түседі.


Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы шетелде оқып жатқан 101 044 қазақстандық студенттің 86 пайызы Ресей мен Қытайда екен. Тәжірибе көрсеткендей, ресейлік және қытайлық ЖОО қазақстандықтарды тартып, сол бағытта белсенді саясат жүргізіп жатыр. Қазір Ресейде 70 мыңнан астам студентіміз білім алып жүр, ал Қытайда – 14 мың. Бұл көрсеткіштер жыл сайын артып барады.


ҚАЗМЗУ Жоғары экономика мектебі (HSE) зерттеуіне Қазақстанның 14 қаласынан 1400 оқушы қатысты. Сауалнамадан жас қазақстандықтардың неге шетелдік ЖОО-ларын таңдайтыны анықталды.


"Бірінші фактор — арзан немесе грант бойынша тегін түсуге болады, екі ел де жыл сайын бөліп отырады. Екінші фактор — Қытай мен Ресей ЖОО-ларына түсу салыстырмалы түрде жеңілірек, ҰБТ немесе тілдік тестілеуден өту керек емес. Батыс ЖОО-ларына қарағанда білім алу оңайырақ. Үшінші фактор — ата-ана, оларға балаларын жақынырақ елге жіберген қолайлы", — деп хабарлады HSE оқытушысы Марат Райымханов.


 


 Sputnik




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31