Киелі шаһар Түркістанға саяхат

Киелі шаһар Түркістанға саяхат

Еліміздің рухани астанасы, ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты орын, түркілердің төл мекені – Түркістанмен танысу мақсатымен ғылыми-танымдық іс-шара жүзеге асырылды.

Осы іс-шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы ұйымдастырды. Шараны «Саяхат» атты өлкетану клубының жетекшісі Т.В. Курманова бастап, осы кафедраның ұстаздары Г. Машинбаева, И. Кильдюшова, А. Ахмедовалар ерекше қолдай отырып, АҚШ, Испания, Қытай, Ауғанстан, Түркия, Вьетнам, Ливан, Оңтүстік Корея, Жапония, Монғолия, Швейцария, Германия, Иран және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік студенттерді саяхаттауға алып барды.
Саяхат ең алдымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орын Арыстан баб кесенесіне барудан басталды. Бұл жерде баба мүрдесі қойылған ерекше бөлмені көріп, арнайы тілек тілейтін орында болып, Арыстан баб құдығының қасиетті суының дәмін татты. Студенттерді таңқалдырған, оларды қызықтырған ерекше нысан болды. Бұл Арыстан бабтың қабіріне түнеп, мінәжат етуі, оның тарихы студенттерді бей-жай қалдырмады. Бұл киелі орыннан соң Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына саяхат жасап, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнын, қаладағы моншаның орнына жүргізілген қазба жұмыстарын және құмырашылар шеберханасын тамашалады. Түскі астан кейін Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіне саяхаттады. Саяхат барысында шетелдік студенттер еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көрді, тарихымен танысты. Одан соң жер асты мешітіне барып, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерді көздерімен көрді. Шығыс моншасы мен Жұма мешітінде болды, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін тамашалап, ерекше әсер алды.


Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.
Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.
Саяхат тек тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен шектелмей, әрі қарай ғылыми-көпшілік бағдарламаларымен жалғасын тапты.
Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Бұл тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.

 


А.Е. Саденова., Т.В. Курманова., А.К. Ахмедова
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста