Қожа Ахмет Ясауи мұрасы зерделенді

Қожа Ахмет Ясауи мұрасы зерделенді


14-қазан күні Түркістан қаласында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және ЮНЕСКО-ның 2016 жылды «Ясауи жылы» деп жариялауына орай, «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің зерттелу мәселелері» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми шараны ұйымдастырушылар – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Конференцияға елімізден және шетелдерден тарих, филология, философия, шығыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары мен ясауитанушылар, тарихи-мәдени мұраларды қорғау мамандары, қорық және тарихи-өлкетану мұражайлары және ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Ғылыми жиын модераторы – «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры Әубәкір Жандос Мағазбекұлы.
Алқалы жиынның ашылу салтанатында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ І вице-президенті, профессор Мехмет Куталмыш құттықтау сөз айтып, шара маңызын атап өтті.
Пленарлық мәжілісте Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, философия-теология ғылымдарының докторы Д.Кенжетай, британдық ясауитанушы, ғалым, зерттеуші Дж.Трапман (Англия), Бұқара Мемлекеттік университетінің профессоры С.Иноятов (Өзбекстан), Наманган Мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. З.Искакова, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты «Тіл тарихы және түркітану» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Б.Әбілқасымов, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының PhD докторы Ғ.Қамбарбекова баяндама жасады.
Ұлыбританиядан келген ғалым Джонатан Трапман «Қожа Ахмет Ясауи және өмір факультеті» деген ғылыми еңбегінде: «Қ.А.Ясауи туралы көп зерттедім. Соның арқасында Ясауи рухын терең түсіндім. Хикметтерін оқыған сайын, құлағымыз бен жүрегімізге сәулесін шашатын ерекше әсері барын ұқтым. Бұл хикметтердің өмірде де қолданысқа ие екендігін білдім, қатты таңғалдым, шын жыладым» -деп, әулиеге ғашықтығын және Аллаh туралы өз ойларын айтты. Сондай-ақ, профессор Дж.Трапманның Қ.А.Ясауидің 150 хикметін алғаш рет ағылшын тіліне аударып, кітап етіп шығарғаны көпшілікті сүйсінтті.
Конференция жұмысы 5 секция бойынша өтті: 1.«Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркі Ислам өркениеті» (дүниетаным, рухани сабақтастық, мемлекетшілдік мәселелері); 2. «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы: оның бүгінгі күнгі өзектілігі (қолжазбатану, тіл білімі, әдебиеттану, тарих, әлеуметтану, саясаттану мәселелері); 3.«Мұражайлардың рухани құндылықтарды жаңғыртудағы орны» (мұражай ісі, экспозиция, қор сақтау, реставрация мәселелері); 4. «Тәуелсіздік және мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктер»; 5. «Археологиялық және этнографиялық экспедициялар материалдары мен жетістіктері».
Шара аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында «Түркістан тарихи мұражайының», «Ақиқат жолын үлгі еткен Даналар мұрасы» көрмесінің ашылуы өтті. Сонымен қатар, «Ясауи мұрасы» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Осылайша рухани асыл мұраларымыз насихатталды. Ясауи мәдениеті, дүниетанымы кең танылып, құндылықтар зерделенді. Түркістанда руханият жаңғырды.

Университет баспасөз хатшысы А.Сәдібеков.
Фото: Ж.Каймов.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста