Жаңалықтар

Көкшетауда білімін жетілдіруге келген ұстаздар қаңғып қалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Мұғалімдер тағы да қып-қызыл даудың ортасында! Бұл жолы Көкшетауда білімін жетілдіруге барған ұстаздардың көбі жүктерін арқалап, далада қалды.


Олар облыстың түкпір-түкпірінен ағылшын тілін оқытудың 3 айлық курсына жіберілген екен. Сабақ басталып кеткенімен, мұғалімдердің тұратын жері әлі жоқ. 173 мұғалімді мұнда Ақмола облыстық білім басқармасы шақырған. Алайда олардың жатын орны мәселесін курс оқытатын серіктестігі шешуге тиіс деп отыр.


-Жоқ, жоқ. Далада қалдық. Мысалы, менің туысқаным да жоқ. Қайда барам?


Ағылшын тілін меңгеруді мақсат еткен 173 ұстаз – физика, информатика, химия, биология пәндерінің мұғалімдері. Кейбірі бала-шағасын тастап, Көкшетауға 500 шақырым жерден жеткен. Енді міне ағылшын тілі деген армандары адыра қалып, қонатын жер таппай әлек. Ал жол шығыны мен пәтер жалдауға 40 мың теңге қарастарылыпты.


Светлана Нұрмақанова, мұғалім:


-Біз ақшаны тамаққа жұмсап, үйде тұрамыз деп келдік. Біз тамақ аламыз ба, әлде пәтер жалдаймыз ба?


Жүктерін арқалаған ұстаздар шабадандарын кабинеттен кабинетке тасып жүр. Ал әлгі 40 мыңды осы курсты оқыту құқығын иеленген жеке серіктестік төлеуі тиіс. Әйтсе де олар мерзім туралы мұғалімдерге ескертілмеген деп ақталады.


Ернар Акисев, «Астана білім ордасы» ЖШС әдіскері:


-Курстың әрбір айы біткен соң, келесі айдың 10-ында өтемақы төленеді. Яғни олар бұл 40 мың теңгені 10 қазанда алады. Бұл жағдайды облыстық білім басқармасы,аудандық білім бөлімдері мұғалімдерге түсіндіруі керек еді.


Ал, білім саласындағы шенеуніктер арнайы курстан өтуге барған ұстаздардың жатын орны мәселесімен мүлдем айналыспаймыз деп отыр.


Қарлығаш Құдабаева, Ақмола облыстық білім басқармасы оқу- әдістемелік кабинетінің директоры:


-Біздің міндетіміз – курсқа баратын мұғалімдерді анықтап, тізімін беру. Ал олардың қайда қоныстанатынын, оқыту мәселесін тендерде жеңіп алған серіктестік шешуі тиіс.


Іс насырға шапқанда, білім басқармасы мен серіктестік осылайша жауапкершілікті бір- біріне сілтеді. Ал «мұндай оқудың керегі жоқ, үйге қайтамыз» деп ашуға мінген ұстаздар мәселенің тезірек шешілуін талап етуде. Өйткені пәтер жалдау үшін ай сайын қарызданып-қауғаланып жүруге әзір емеспіз дейді олар. 


ktk.kz




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.09.2017, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31