Жаңалықтар

Колледждің екі қызметкері өздеріне 10 млн теңге жалақы "тағайындаған"

  • © Tengrinews

    © Tengrinews

Қызылорда облысының мемлекеттік аудиторлары Қармақшы аграрлық-техникалық колледжіндегі ірі қаржылық заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрлігі.


"Колледждің бас есепшісі мен экономисі жеке карта-шоттарға жалақы түрінде 10,3 миллион теңгені негізсіз аударған. Осылайша Қазақстан Республикасы үкіметінің "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысы бұзылған", — деп хабарлады қаржы министрлігі.


2017 жылы бас есепші бір жылға заңды түрде қарастырылған 1,6 миллион теңгенің орнына өзінің жеке карта-шотына 8 миллион 052 мың теңге, ал экономиске 1 миллион 168 мың теңгенің орнына 3 миллион 915 мың теңгені жалақы, еңбек демалысы мен сыйақы түрінде аударған.


Қазіргі таңда колледжде қызметкерлерге жалақы, еңбек демалысының ақысы мен өтемақы төлемдерін заңға сай аудару мақсатында аудит жүргізіліп жатыр.


 


 Sputnik




Көрілген: 374    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.04.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30