Жаңалықтар

Қызылордада 25 оқушы мектептегі тамақтан уланды

  • Фото: ВладТайм

    Фото: ВладТайм

2018 жылдың 18 мамыр күні Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылындағы N192 орта мектептің 25 оқушысы жаппай тамақтан уланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Эпидемиологиялық тексеруден анықталғандай, жаппай улануға қарақұмық және жұмыртқа пайдаланғаннан болған. Тамақты ішкен балалар 2-3 сағаттан соң-ақ ауру белгілерімен Келінтөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияға медициналық көмекке жүгінген. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.


Орталық аудандық ауруханаға 4 бала жеткізілді. Сол сәттегі балалардың жағдайы орташа деңгейде болған, жүрек айнып, іштері өткен. Әзірше оларға алдын ала сальмонелла тудырған тағамдық таксоинфекция диагнозы қойылды.


"Бүгінгі таңда, 21 баланың жағдайы қанағаттанарлық, олар үйлерінде медициналық бақылауда. Ауру ошағы болған жерде зерттеу жүргізілуде, азық-түліктер тексерілуде, қоршаған ортадан бактериологиялық сүртінді, асханадан бактериологиялық жұғынды алынуда", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова.




 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сенбі, 19.05.2018, 12:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30