Жаңалықтар

Латын әліпбиіне байланысты мектептерде нөлінші сынып кеш енгізілмек

  • © sputnik

    © sputnik

Білім және ғылым министрлігі латын әліпбиіне көшуге байланысты мектептерде нөлінші сыныпты енгізуді 2019 жылдан 2020 жылға ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бірыңғай бағдарлама бойынша нөлінші сынып 2019 жылы енгізілуі тиіс болған. Біз оны 2020 жылға ауыстыруды ұсынып отырмыз. Себебі біз нөлінші сыныптар үшін өте көп оқулық басып шығаруымыз керек. Біз бұл оқулықтарды бірден латын қарпінде шығарғымыз келеді", — деді білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов журналистерге.


Ал қазіргі таңда ашылған барлық мектепке дейінгі сыныптар сол бұрынғы жұмысын бұрынғы бағдарламамен жалғастырады.


"Биыл олар үшін ешқандай өзгеріс жоқ. Яғни, биыл шартты түрде нөлінші сыныпқа бара алатын бүлдіршіндер өткен жылғыдай жаңа сыныптарға барады", — деді вице-министр.


Аймағамбетовтің айтуынша, аталған ұсынысты ұстаздардың өзі тастаған.


 


 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31