Жаңалықтар

Латын әліпбиіне көшу – болашақ бағдары

  • © Aikyn.kz

    © Aikyn.kz

«Егемен Қазақстан» газетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Мақалада көтерілген латын әліпбиіне көшу мәселесі өте өзекті әрі орынды. Латын әліпбиі болашағы зор, әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады. Бұл жазу - халықтың сауаттылығын танытып, елдігіміз бен егемендігімізді айқындайды.


Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тілге тиек етіліп және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшу туралы мәселесіне қайта тоқтала отырып, бұл идеяны жүзеге асыруға байланысты нақты жоспарларды сөз етеді. «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет», – дейді Елбасы мақаласында.


Президенттің аталған мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты. Білім саласының және тіл маманы ретінде қазіргі уақыттағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру саясатын қолдаймын. Себебі, біріншіден, тіл ауыспай, таңбаның ауысуы, екіншіден, қарапайым тілмен жеткізу, сөз немесе дыбыс қалай естілсе, солай жазылуы латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық болады деп ойлаймын. Әлемдегі халықтың 80 пайызы қолданатын латын әрпіне көшу озық инновациялар мен жаңа заманауи технологияға жақындаудың жолы болып табылады. Жастарымыз да осы арқылы электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін болады.


«Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта¬ның, ком¬муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр¬дағы ғылы¬ми және білім беру үрдісінің ерекше¬лік¬теріне байланысты», - деп Елбасы айтқандай, латын әліпбиіне көшу – заман талабы болып табылады.


Қазіргі заманда латын әліпбиінің қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор болып, үлкен беделге ие болып отыр. Дүние жүзінде ақпараттың басым бөлігі ағылшын тілінде таратылатыны белгілі, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп.

Латын әліпбиіне көшу - еліміздің білімді жастарының қатарының көбеюіне, қазақ жастарының әлемдік деңгейдегі биік белестерден көрінуіне және дүние жүзіндегі жастармен тіл табыса алатын деңгейде болуына, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті жастар түпнұсқадан алып, оқи алу дәрежесіне дейін көтерілуне қолдау болып табылады.

Бірнеше жылдан бері латын әліпбиіне көшу керек деп сөз болып, айтылып келе жатыр. Енді осы үдерісті іс жүзінде орындайтын кезі келді деп ойлаймын. Латын әліпбиіне көшу арқылы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, біздің заманымызға жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытуға жол ашылып, қазақ елін әлем мемлекеттерімен жақындастырып, жарқын болашаққа бастайды деп үміттенемін.


«Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік», - дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бүгінгі күні қазақ тілінің мәртебесі, қазақ тілінің тазалығы маңызды мәселе болып отыр. Негізі қазақ тілі жұмсақ, үнді, мәдениетті тіл болып табылады. Латын әліпбиі қазақ тіліне ең жақын әліпби. Шетелдегі отандастарымыздың елден хабар алуы да біраз жеңілдей түседі , себебі көп елдерде осы латын әрпі қолданылады.


Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу - қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашылып, еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіне өз септігін тигізетініне сенімдімін. Латын әліпбиіне көшу - білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санаймын.




А.Е. Саденова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының доценті, ф.ғ.д.


 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 13:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30