Жаңалықтар

Мәдениет пен білім аясындағы ынтымақтастық

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деңгейінде Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығымен Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының қытай студенттерінің қатысуымен кездесу өтті.


Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық орнаған. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. Әріптестігімізді нығайтуға арналған кездесу мәдениет және білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.


Аталған іс-шараның мақсаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттермен және оқытушы-профессор құрамымен алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру секілді түрлі бағыттары бар ынтымақтастықты одан ары кеңейту болып табылады. Қазіргі уақытта ҚазҰУ-ғы білім алып жатқан шетелдік студенттердің 80% ҚХР келген. Жыл сайын жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде ҚХР келген 100 тыңдаушы ҚР жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін тілдік дайындықтан өтеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындық кафедрасы – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы кафедралардың бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында кафедраның қызметі зор.



Кездесу барысында Қазақстандағы қытай студенттерінің әлеуметтік бейімделу мәселелері, сыртқы академиялық мобильділік бағдарламасын дамыту және ұлтаралық және дінаралық диалогты тереңдету туралы талқыланды. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру, ғылыми, мәдени байланыстар орнату туралы ұсыныстар жасалынды.

Аталған мазмұнды шараға Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, әл–Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Конфуций институтының оқытушылары және тағы басқа да Алматы қаласының ЖОО-нан шақырылған қонақтар және ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар осы факультетті бітіріп кеткен бұрынғы бітірушілер қонаққа шақырылды.


Кездесу аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға Қытай елінен білім алу үшін Қазақстанға келген студенттер қатысты. Бұл концерттік іс-шарада студенттер ән орындап, би билеп, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.


Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты. Шара соңында келген қонақтар факультеттің көп жылдық тарихынан сыр шертетін мұражайды аралап, қонақтарға арналған қолтаңба журналына өз лебіздері мен алғыстарын жазып қалдырды.


 


 


Әл-Фараби атындағы ҚҰУ

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының доценті, филология

ғылымдарының докторы А.Е. Саденова




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

сенбі, 11.11.2017, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31