Жаңалықтар

Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы азаяды - министрлік

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

ҚР Білім және ғылым министрлігі оқушылардың жүктемесін азайту бойынша жұмыс жүргізуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біз қазір оқушыға артылатын тұтас жүктемені азайту бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Санитарлық талаптарға оқу бағдарламасын 5 күнге сыйғызуға мүмкіндік беретін нормалар енгізілді. ҚР БҒМ бұйрығында бұл нормалар барлық білім беру топтары үшін нақты көрсетілген. Үйге берілетін оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы тиіс, бұл да біздің бұйрықта көрсетілген», - деді вице министр Бибігүл Асылова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.


Сондай-ақ, ол министрліктің оқушыға артылатын жүктемені азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.


«Өткен жылы ҚР БҒМ «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрығы қабылданды. Бүгінде балаларға берілетін үй тапсырмасының үштен бірі қысқартылды. 1 қыркүйектен бастап, бұл құжат нормативті деңгейде күшіне енді», - деді Б.Асылова.


Оның айтуынша, бұл мәселе педагогтар қауымында кең талқыланады, ал ақпарат өңірлік деңгейдегі білім беру қызметкерлеріне жеткізілген.


 




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.01.2018, 14:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31