Жаңалықтар

«Мектепке жол»: Биыл 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек .

  • «Мектепке жол»: Биыл 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек .

    «Мектепке жол»: Биыл 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек .

 Ертең елiмiзде жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталады. Биылғы оқу жылында 300 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетiлмек және бұл көрсеткiш 300 мыңмен шектелмейдi. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында «Нұр Отан» партиясының орталық аппараты Саяси жұмыс департаментiнiң директоры Марат Әбсаттаров айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.


ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi әдетте жаңа оқу жылының басталуына бiр ай қалғанда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын өткiзедi. Оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 2017 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейiнгi кезеңде «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өтедi. 2 айлық iс-шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.


«Қазiргi таңда жергiлiктi атқарушы органдар 300 мыңға жуық оқушының тiзiмiн жасақтады. Оларға көмек мектеп пен бiлiм бөлiмдерi арқылы көрсетiледi. Бұл көрсеткiш 300 мыңмен шектелiп қалмайды. Егер мұқтаж ата-аналар болса, олар кез келген уақытта өз мектебi мен бiлiм бөлiмiне хабарласып, балаларды тiзiмге енгiзiп, көмек ала алады», - дедi Марат Әбсаттаров.


Ал ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдiкәрiм өткен жылы 320 мыңға жуық оқушы 2 млрд 468 млн 785 теңге көлемiнде көмекке ие болғанын айтты.


«Былтыр материалдық көмекпен қамтылған мұқтаж балалар саны бойынша Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе облыстары көш бастады. Бұл өңiрлерде 30 мыңнан астам бала «Мектепке жол» акциясына қатысты. Ал тартылған қаржы бойынша көш басында Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары болды. Бұл аймақтарда әр өңiрге тартылған қаржы көлемi 500 млн теңгеден асты. Қол ұшын берген азаматтардың арқасында былтыр барлығы 300 мыңнан астам оқушы қажеттi құралдармен мектепке барды», - дейдi Мәншүк Әбдiкәрiм.


Айта кетейік, көмекке мұқтаж отбасылар мен оларға қолдау көрсеткiсi келетiн азаматтар Балалардың құқықтарын қорғау комитетiне 8-7172-74-21-40 немесе комитеттiң қауырт желiсiне 74-25-28, сондай-ақ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармаларына хабарласа алады.


Baq.kz


 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.07.2017, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел
    22 Ақпан, 14:20
    Етістік
    21 Ақпан, 13:21
    Киелі жеті саны

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30