Жаңалықтар

Мектепте тек интернетсіз ұялы телефондарды қолдану мәселесі қарастырылуда

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанның бірқатар облыстарында оқушыларға смартфондарды ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ға ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарлады.


«Бірқатар өңірлерде (Алматы қаласында, Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында) мектеп оқушыларына тек түймелі ұялы телефондарды қолдану туралы мәселе қарастырылуда. Бұндай шешім оқушылардың ата-аналарымен келісілгеннен кейін қабылданды», - деп атап өтілген Комитеттің «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында.


Айта кетейік, «Білім туралы» Заңы аясында оқушылар мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті. Ережелерде олардың бұзушылықтары үшін қабылданатын шаралар тіркеліп, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) қатысуымен әрбір жағдай бойынша жеке педагогикалық кеңестерде қаралады.


«Комитет білім беру ұйымдарында планшеттерді және смартфондарды қолдану туралы аталған мәселе мектептердің ішкі тәртіп ережелерімен реттелетіндігін хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен ішкі тәртіп қағидаларын әзірлеп, бекіту жергілікті атқарушы органдардың және сол білім беру ұйымдарының құзыретіне жататындығы бекітілген», - делінген Комитет мәліметінде.


 




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.03.2018, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30