Жаңалықтар

Министр Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

  • Министр Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

    Министр Сағадиев мұғалімдерді ғаламтор арқылы бақыламақ

 Бүгінде мектеп мұғалімдері үшін 80 мың бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар бар. Олар кез келген материалды ғаламтордан, я болмаса, мектеп серверінен алып, сабақ кезінде пайдалана алады.


«Биыл аталған цифрлық материалды 7 082 білім беру ұйымы, яғни барлық мектептер пайдалануға кірісті. Оны онлайн және оффлайн режимде алуға болады. Бұл дегеніміз, бейнематериалдар мектеп серверінде де сақталады. Мұғалім оны кез келген уақытта алып, сабақты сапалы түрде беру үшін пайдалана алады. Сонда қосымша материал іздеудің қажет жоқ. Қазіргі кезде 440 мұғалім ортақ жүйеге қосылды. Енді, біз кім, қанша, қандай мектеп пен сабақ бойынша бейнематериалдарды пайдаланып жатқанын көре аламыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Министрдің айтуынша, бейнефильмдер мен интерактивті сабақтар жүйесінде 200 мыңға жуық оқушы да тіркелді.


«Әрине, әзірше оқушылардың саны аздау болып тұр. Дегенмен, олардың үйге келіп, ол материалдарды өз бетімен көріп жүргені қуантады. Биыл мобильді телефондар арқылы бейнесабақтарды көру көрсеткіші 28 пайызға көтерілді. Балалар математика, информатика мен ағылшын тіліне арналған интерактивті сабақтарды жиі көріп жүреді», - деп атап көрсетті Ерлан Кенжеғалиұлы.


bilim-all.kz




Көрілген: 484    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сейсенбі, 03.10.2017, 21:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31