Жаңалықтар

Мұғалім оқушыны сабақтан шығарып жібергені үшін жұмысынан айырылады

  • Көркі сурет.  © olonschool2.ucoz.ru

    Көркі сурет. © olonschool2.ucoz.ru

Бірінші сынып оқушысын дәлізде қалдырған алматылық мұғалім балаларды қолдан-қолға тапсыру бұйрығын орындамағаны үшін жұмысынан айырылады, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы Алмалы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Байболов айтты.


Ал мұның алдында әлеуметтік желілерде ата-аналар осы мектепте ақша жинау дерегі болғанын айтып, шағымданған еді. Өз кезегінде Байболов мұғалімнен түсініктеме алғанын және түсініктемеде оның баланы сынып сағаты кезінде сыныптан шығарып жібергенін жазғанын айтты.


"Баланы мектептің дәлізінде қалдыру дерегі бейнебақылау камераларындағы жазбамен дәлелденді. Дәл дәлізде қалдырған. Кейін бала өзі далаға шыққан болуы мүмкін. Бірақ баланы оқытушы дәлізде қалдырған. Бізде балаларды қолдан қолға тапсыру қажеттілігін көздейтін бұйрық бар. Мұғалім бұл бұйрықты бұзды, сол үшін жұмыстан шығарылды. Балаларды қолдан қолға тапсыру талабы мүлтіксіз орындалады", - деді ол.


Оның айтуынша, кішкентай балаларды алып кетуге ата-анасы келмесе, мұғалім баланы сыныпқа кіргізуі тиіс, сөйтіп, ата-анасына, әжесі мен атасына хабарласуы керек, сосын ғана қолына тапсыра алады.


"Кез келген мектепте осылай. Мен мұғаліммен сөйлестім, ол сынып сағаты болғанын айтты, біз күзгі шараға дайындалып жатқанбыз, мұғалім мұнда ақылы қызмет көрсетпейді", - деді ол.


Байболовтың айтуынша, мұғалім 53-те, еңбек өтілі 34 жыл. Ол мектепке жұмыс істеу үшін 1 қыркүйекте келген. Қыркүйектен бастап ол бірінші сыныпты қолға алған, бұған дейін ол Жетісу ауданындағы №57 мектепте жұмыс істеген екен.


Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы мектептегі ақылы білім беру қызметтері жайлы түсіндірді. Айтуынша, директор әрбір сыныпқа кіріп, ата-аналармен кездесіп, ешқандай да ақылы білім беру қызметі мектепте жүзеге асырылмайтыны туралы бұйрықты көрсеткенін айтып отыр.


"Директорға мұғалімді өз қалауымен емес, бап бойынша жұмыстан шығаруға кеңес береміз. Мен де, білім бөлімінің басшысы ретінде қалалық білім басқармасының басшылығына бақылауды әлсіз жүргізген мектеп директорын тәртіптік жазаға тартуды сұраймын", - деді Байболов.

 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 05.10.2017, 16:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 13:45
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек, 21:21
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек, 21:09
    Рухы биік дара тұлға
    12 Маусым, 16:34
    Қала әкімі – ҚазҰУ-да

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31