Жаңалықтар

Мұғалімдер смартфон арқылы баға қояды - БҒМ

  • 59.Ru

    59.Ru

ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдердің баға қою жұмысын жеңілдету үшін электрондық күнделіктің мобильді қосымшасын шығаруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті.


«Электрондық журналдар мұғалімдердің жүктемесін азайту мақсатында енгізілген. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы мен Алматы қаласында сыналып жатыр. Әйтсе де, электронды журналды толтырудың қағаз журналды қоса толтыруды қажет етпейтінін қанша жазсақ та, кей мектептерде қос журналды қатар толтыру жағдайлары кездескен. Сол себепті, ҚР БҒМ Бұйрығына кең жолақты интернет қолжетімді болса, білім беру ұйымы журналды тек қана электронды түрде жүргізеді деген өзгеріс енгіздік», - деді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оған қоса, министрлік мұғалімдердің баға қою жұмысын жеңілдету үшін мобильді қосымша жасау және мектептердегі Интернет сапасын жақсарту мәселелерін шешуде.


«Электронды журналды оңай пайдалану үшін мобильді қосымшаның болуы маңызды. Сынамалы жобалар қосымшалардың мұғалімдерге өте ыңғайлы екенін көрсетті. Шамамен көктемде мобильдік қосымшалар дайын болады және көпшілікке таныстырылады. Осылайша, мұғалімдер мобильдік құрылғылары арқылы оқушыларға баға қояды», - деп өз сөзін түйіндеді вице-министр.


 




Көрілген: 380    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.01.2018, 18:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31