Жаңалықтар

"Мұндайды тіпті армандай алмаймын". Астаналық студент оқуын АҚШ-та жалғастыратын болды

  • Бекжан Мұратбеков. © Tengrinews.kz

    Бекжан Мұратбеков. © Tengrinews.kz

Астаналық студент Гарвард университетінде оқуын жалғастыруға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі IQ Kazakhstan ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметінше, Америкада оқуын жалғастыру мүмкіндігін алған жігіт Қазақ технология және бизнес университетінің студенті Бекжан Мұратбеков. Бұл жетістігіне ол әлі де сене алмай жүрген көрінеді.


"Мен мұны күткен жоқпын, тіпті армандай алмаймын. Әрине, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Мазасыздық бар, өйткені мен ешқашан шетелде болмаған едім, мұхиттың арғы жағында болу мен үшін біраз жат сияқты. Мен ол жақтағы өмірдің және адамдардың қандай екенін де білмеймін", - дейді Бекжан.


Айта кетейік, Бекжан Мұратбеков Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Егінсу ауылында дүниеге келген. Жергілікті ауылдағы орта мектепті бітіріп, Астана қаласының университеттерінің біріне грантқа түскен.


Сонымен қатар, ол зияткерлік көрсеткіші жоғары адамдарға арналған


"IQ Қазақстан" ұйымына мүше болған. "Ұйым Кеңесі ұйымның мүшелеріне ұйым есебінен Америкадағы үздік университеттердің бірінде оқуға мүмкіндік беретін New life Kazakhstan жобасын іске қосты. Бағдарламаның жеңімпазы ретінде Бекжан ұсынылды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

 




Көрілген: 253    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.10.2018, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31