Жаңалықтар

Назарбаев мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

  • Назарбаев мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

    Назарбаев мұғалімдердің айлығын 50 пайызға дейін көтеруге уәде берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық арналардан жасаған мәлімдемесінде жалақы мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев биылғы Жолдауда жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалғанын атап өтті. Ондағы жетінші міндет адам капиталының жаңа сапасына қатысты.


"Білім жүйесінің барлық деңгейі қазіргі заман талаптарына, экономика қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс. Мұғалім мамандығының беделін көтеру керек. Денсаулық сақтау саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы аурудың алдын алу мен оны емдеуді айтарлықтай жақсартып, медициналық қызметтің сапасын көтеру қажет.

2016 және 2017 жылдары әлеуметтік төлемдер мемлекет тарапынан үш рет көтерілді. Соның ішінде базалық зейнетақы 29 пайызға, ынтымақты зейнетақы 32 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға дейін, білім беру 29 пайызға дейін, мемлекеттік қызметкерлердікі 30 пайызға өсті.

Өткен жылы қызметкерлердің жалақысы өте жақсы көбейді. Мұны қазір бәрі ұмыта бастады, алайда бұл былтыр ғана болған дүние. Бұл үрдіс биыл да жалғасады", — деді президент.

Елбасының айтуынша, осы жылы бюджеттің әллеуметтік салаға шығындары 12 пайзыға ұлғайып, 4 триллион теңгеден асады.


"Базалық зейнетақы еңбек өтілін есепке ала отырып орташа есеппен 1,8 есеге ұлғаяды. Оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны аясында қайтадан оқыған мұғалімдердің лауазымдық жалақысы дәлелденген біліктілігіне байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі", — деді Назарбаев. 




Көрілген: 1935    Пікірлер: 6
Пікірлерді оқу (6) preloader

сейсенбі, 09.01.2018, 20:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31