Жаңалықтар

Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Ахмет Ясауи университетінің студенттеріне дәріс оқиды

  • Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Ахмет Ясауи университетінің студенттеріне дәріс оқиды

    Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Ахмет Ясауи университетінің студенттеріне дәріс оқиды

18 сәуір күні Нобель сыйлығының лауреаты Азиз Санжар Түркістан қаласына, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы келеді. Профессор «Ғылым және ұлттық даму» тақырыбында университет студенттеріне баяндама оқиды.

Профессор Азиз Санжар Нобель сыйлығының жүлдегері атанған екінші түрік азаматы. 2006 жылы түрік жазушысы Орхан Памукке әдебиет саласындағы жетістігі үшін Нобель сыйлығы берілген болатын.

Арнайы сапармен келетін атақты ғалымға университеттің «Құрметті профессоры» академиялық атағы беріледі.

Профессор Азиз Санжар түрік және америкалық биохимик. 2015 жылы швед ғалымы Томас Линдал және америкалық Пол Модричпен бірге әзірлеген «ДНҚ-ның қалпына келуі механизмі» жаңалығы негізінде Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегері атанған.

Профессор Ыстамбұл шаһарында білім алған соң ауыл дәрігері болып қызмет атқарып, биохимия саласына қызығушылық таныта бастайды. Сосын Стамбул университетінің медицина факультетін бітіріп, (1969) 1971 жылы АҚШ-қа көшіп барады. Далластағы Техас университетінде аспирантураны оқып, (PhD, 1977). 1977-1982 жылдары постдокторантураны Йель университетінде тәмамдайды. 1982 жылдан Чапел-Хиллдегі Солтүстік Каролина университетінде жұмыс істейді (1997 жылдан профессор).

«Менен үнемі осы сыйлықты қашан аласың деп сұрай беруші еді. Мен елімнің үмітін ақтағаныма қуаныштымын», - дейді Санжар өзінің сұхбатында.

АҚШ-та құрылған Түрік үйінен сөз қозғаған Санжар «Осы үйдің мақсаты Түркияны және Түркі Әлемін таныстыру, зерттеу үшін Америка Құрама Штаттарына келген түрік ғалымдарына қонатын орын қамтамасыз ету және студенттердің Америка Құрама Штаттарына үйлесуіне мүмкіндік жасау болып табылады. Нобель сыйлығынан түскен ақшаның көбін де осы жерге арнадық» деген болатын.




Университет баспасөз хатшысы Асқат Сәдібеков


 




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.04.2018, 22:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31