Жаңалықтар

Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Түркістанда

  • Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Түркістанда

    Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Түркістанда

18 сәуір күні Нобель сыйлығының иегері, профессор Азиз Санжар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы сапармен келді.

Оқу орын ұжымы мен студенттерімен кездескен профессорға университет ректоры У.Әбдібеков, университет Өкілетті Кеңес төрағасы, профессор М.Йылдыз, Өкілетті Кеңес мүшесі, профессор М.Шимшек, ректор өкілі, профессор М.Куталмыш сөз сөйлеп, ғалымның жетістігін айтып, алғыстарын білдірді. Басшылар профессор Азиз Санжарға университеттің «Құрметті профессоры» академиялық атағын беріп, сый-сыяпат табыстады.

Профессор Азиз Санжар Нобель сыйлығының жүлдегері атанған екінші түрік азаматы. 2015 жылы швед ғалымы Томас Линдал және америкалық Пол Модричпен бірге әзірлеген «ДНК-ның қалпына келу механизмі» жаңалығы негізінде Химия саласындағы Нобель сыйлығының иегері атанған. Түрік және америкалық биохимик ғалымның бұл жетістігі үшін бүкіл түркі әлемі қуанған болатын.

Шара барысында сөз алған профессор Азиз Санжар Түркі дүниесінің алтын бесігі - киелі Түркістанға келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Ғылыми ізденістері жайлы, жетістіктері туралы айтты. Нобель сыйлығына ие болған ғылыми-зерттеу жұмысы жайында егжей-тегжейлі баяндады.

Қажырлы еңбектің нәтижесінде ғана үлкен шыңды бағындырғанын жастарға үлгі етіп айттқан профессор: «Мен үшін бұл үлкен құрмет, мақтаныш. Өйткені түркі халықтарының бұл құрметіне лайық болу үшін өзіме бір міндет алған сияқтымын. Менің ойымша, ғалымның табысты болуы үшін үш маңызды қасиет қажет: білімге негізделген шығармашылық, қажымас еңбек және талмас табандылықты қажет етеді. Мен бұл тақырыпты зерттеу үшін 45 жылымды арнадым. Сондықтан жастарға айтатыным, білімді саясат пен футболмен араластырмаңдар, уақыт маңызды сондықтан бар зейіндеріңді білімге арнаңдар»-деп өз кеңесін бірді.

Жастар бүкіл түркі дүниесінің мақтанышына айналған ғалыммен кездесуден үлкен әсер алды. Білім мен ғылымға ден қою үлкен жетістікке жетелейтініне көздері жетті. Әлемдік ғылымның шыңын бағындырған ғалымның дәрісін тыңдау студенттер үшін ерекше бақыт болды.

Қазақстанға алғаш рет келген профессор 16 сәуір күні Алматыда өткен ІІІ Халықаралық экономика, қаржы және энергия конгресіне қатысып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің студенттерімен кездескен болатын.


Сәдібеков Асқат Кеңесұлы

Университет Баспасөз қызметінің басшысы


 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.04.2018, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30