Жаңалықтар

Нөлінші сынып оқулықтары бірден латын әліпбиінде шығарылады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нөлінші сыныпқа арналған оқулықтар бірден латын әліпбиінде басып шығарылатын болады. Бұл туралы бүгін Астанада халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Ағымдағы жұмысты айтсақ, балабақшалар санын көбейттік. Әсіресе жекеменшік балабақшалар көптеп ашылды. Қазір балаларды балабақшалармен қамту көрсеткіштері 90,5 пайызға жетті. Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты енгізу 2019 жылға қойылған. Бүгінде бірыңғай бағдарламасы мен мұғалімдерді дайындау кестесі дайын, оқулықтар экспертизаға жіберілді», - деді министр.


Осы орайда ол ендігі уақытта 400 мыңға жуық балаға нөлінші сыныптың жаңа оқулықтарын басып шығару қажеттігін атап өтті.


«Латын әліпбиіне көшетін болғасын, оқулықтарды біржола латынша басқан жөн деп санаймыз. Бұл қаражат жағынан да тиімді. Сондықтан нөлінші сыныпты енгізу 2020 жылға латын әліпбиінде қойылып отыр», - деді Ерлан Сағадиев.


Оның атап өтуінше, латынға көшуге байланысты 4 комиссия жұмыс істеп жатыр.


«Терминологиялық және әдістімелік комиссиясын Білім министрлігі басқарады. Осы мәселе бойынша қазір көп жұмыстар жасап жатырмыз. 2020 жылға дейін нөлінші сыныпты ашуға дайын боламыз», - деді ол.


 




Көрілген: 295    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 23:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30