Жаңалықтар

Оқушылар Қазақстанның болашағын дамытуға өз үлестерін қосты (ФОТО)

  • © Бауыржан Жуасбаев

    © Бауыржан Жуасбаев

Ұлттық экономика министрлігінде «Мен және менің Қазақстаным 2025 жылы» тақырыбындағы 5-9 сынып оқушылары арасындағы жалпыреспубликалық эссе-шығарма жазудан жеңімпаздар марапатталды.


ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып өткендей, шығармадың қызықты үзінділері 2025 жылға дейінгі Қазақстан дамуының Стратегиялық жоспарында жарияланады.


Конкурсқа елдің барлық өңірлерінен қазақ, ағылшын және орыс тілінде жазылған 100 эссе келіп түсті. Нәтижесінде 27 озық жұмыс іріктеліп алынды. Сонымен бірге мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болып, Ұлттық экономика министрлігінің басшылығынан алғыс хаттар мен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін аралауға билеттер алды және дю Солей Циркі көрінісін тамашалайды. Қалған 17 финалға қатысушы ескерткіш грамоталарға ие болды.



«Неғұрлым қызықты шығармалардан үзінділер Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жарияланады. Қазіргі уақытта сарапшылық және бизнес-қоғамдастығы өкілдерін тарту арқылы аталған құжатты әзірлеу жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Жеңімпаздардың бірі елордалық №82 «Дарын» лицейінің 9-сынып оқушысы Дана Оспанова эссені қалай жазғандығы туралы айтып, болашақта не мазалайтынын баяндады.



« Мен «Мен және менің Қазақстаным 2025 жылы» тақырыбында эссе жаздым. Өз шығармамда мен Қазақстан туралы көзқарасымды, ойымды білдірдім. Оны жазбас бұрын отбасыммен ақылдасып, экология, медицина, білім беру сынды салаларды талқыладық. Бізде өз жоспарларымызды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол. Мәселен, экологияны алатын болсақ, күн, жел және ұлы дала бар, біз күн энергиясын, жел энергиясын қолдана аламыз», - деді Д.Оспанова.



Мектеп оқушыларының эссе конкурсы 2 тур бойынша өткізілді: өңірлік және республикалық. Екінші турға өткен жұмыстарды арнайы комиссия логикалық және көркемдік пайымдауы, бағалау және тұжырымының дәйектілігі, идеялары мен ойын жеткізудің сонылығы, сезімділігі мен шынайылығы, дәлелділігі мен мазмұндылығы секілді өлшемдер бойынша бағалады. Финалға шыққан оқушылар өз жұмыстарында тарихи дәлелдерге және жеке дүниетанымына сүйене отырып, ел дамуын өзінше пайымдауларымен бөлісті.


 strategy2050.kz




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.08.2017, 19:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31