Жаңалықтар

Оқушылары ҰБТ-дан төмен балл алған Өскемен мен Семейдегі білім мекемелері тексеріледі

  • Оқушылары ҰБТ-дан төмен балл алған Өскемен мен Семейдегі білім мекемелері тексеріледі

    Оқушылары ҰБТ-дан төмен балл алған Өскемен мен Семейдегі білім мекемелері тексеріледі

Шығыс Қазақстанның екі қаласындағы орта білім беретін барлық мектеп кешенді тексеруден өткізіледі. Мұндай тапсырманы облыс әкімі Даниал Ахметов берді. Аймақ басшысы қалалық оқушылардың алып жатқан білім сапасына көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Айта кету керек, былтырғы оқу жылында ҰБТ бойынша жоғары нәтижелерді облыс орталығы мен Семейдің оқушылары емес, ауыл балалары көрсеткен еді. Мәселен, Аягөздің екі түлегі 138 балл жинап, ел ішіндегі үздік сегіздіктің қатарына енді.


 


«Мені Семей мен Өскемендегі білім сапасы алаңдатады. Тағы бір мәрте қала әкімдеріне білім беру жүйесін реттеуді тапсырамын. Көкпекті ауданында ҰБТ-да 100 балдан жоғары жинаған мектептер саны осы қалалардан көп. Бұл деген аталған екі қала мұғалімдерінің білімділік деңгейі аудан орталықтарымен салыстырғанда төмен екендігін көрсетеді. Кешенді комиссия құрып, оның құрамына университеттің профессорлары мен оқытушыларын енгізіп, Өскемен мен Семейдің білім беру үрдісін тексеру керек», - деп тапсырды ШҚО әкімі Даниал Ахметов жиын барысында.


ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, арнайы топ жұмысын алдағы айларда бастайды. Құрамына сондай-ақ, депутаттар мен әр түрлі құрылым өкілдері де кіретін болады. Бұл ретте соңғы бірнеше жыл бойы ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіштерді Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарының оқушылары көрсетті.


 


 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.02.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30