Орта білім жүйесіндегі дағдарыс

Орта білім жүйесіндегі дағдарыс

Кейінгі кезде мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Ата-аналар тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да қазіргі орта білім беру жүйесіне деген көңіл толмаушылық байқалады. Оқулықтарда да олқылықтар жетіп артылады. Қазіргі таңда  жалпы білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырағанын мойындау керек. Осы орайда педогогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Ресей білім академиясының шетелдік мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқарбек Құсайыновтың «Орта білім беру дүйесіндегі дағдарыс: шығу жолдары» атты еңбегі шыққан болатын. Біз бүгін 30-дан аса көлемді еңбектердің, 300-ден аса мақалалардың авторы, белгілі ғалым Асқарбек Құсайыновтың жоғарыда аталған еңбегінің ең маңызды деген тұстарын, ғалымның орамды ойларын оқырман назарына ұсынып отырмыз.


Кіріспе

Кім де болса баласының салиқалы, зиялы азамат болып өскенін армандайды. Ол үшін жақсы ортада тәрбиеленіп, жақсы білім алу керектігін түсінеді. Сондықтан білім саласында болып жататын өзгерістер, жүргізіліп жатқан реформалар кімді де болса бей-жай қалдырмайды.
Еліміз егемендік алған жылдары көптеген өзгерістер болды. Білім беру саласында «ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа білім беру жүйесін құрамыз» деген батыл тұжырымдама жасалды. Бұл дұрыс тұжырымдама еді, себебі егемендік алған әр ел өзінің жаңа білім беру жүйесін қалыптастырады.
Біз кеңестік замандағы мектеп жүйесінің сол кездегі әлемдегі ең озық жүйелердің бірі болғанын, оның алғашқы үштікке кіргенін жақсы білеміз. Бұл бар әлем мойындағаны шындық. Ол дәуірде білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлінетін. Тек орта білім жүйесін барлық пәндер бойынша қажетті оқу-әдістемелік және зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында 100-ден аса ірі кәсіпорын жұмыс жасады. Соның арқасында барлық мектептерде, қазақ мектептерінде де барлық пәндер бойынша әр сабақты жоғары деңгейде өткізуге қажетті жағдайлар жасалды. Ұстаздар әлеуеті жоғары болды, жағсы еңбекақы алды, үкімет тарапынан көптеген қамқорлық көрсетілді. Сондықтан ұстаздыққа мамандыққа көптеген талантты жастар барды, олар жақсы білім алды.
Ол уақытта білім сапасының жоғары деңгейде болуының тағы бір себебі, білім беру саласы ғылыми негізде дамып отырады. Кеңестер Одағының Педагогикалық ғылымдар академиясы Одақтың ұлттық ғылым академиясы деңгейінде бағаланатын, он мыңнан аса ғалым жұмыс жасайды, құзырлы академия болды. Педагогикалық ғылымдар академиясының академиктері мен корреспондент мүшелеріне Үкімет Ұлттық ғылым академиясының мүшелеріне беретін деңгейде үстеме қаражат беріп тұрды. Академияның еркін жұмыс жасауына қажетті мол қаражат бөлінетін. Білім сапасын дамытуға қатысты Үкіметтік, министрлік деңгейлерде қабылданатын барлық шешімдер, негізінен, осы Академияның ғылыми және тәжірибелік зерттеулеріне сүйеніп дайындалды. Бір сөзбен айтқанда, білім беру жүйесі ғылыми негізде дамыды.
Біз егеменді ел болғанда Кеңестер одағының жетілген, бірақ өкінішке орай соңғы жылдары дамуына біраз қателіктер орын алған білім беру жүйесін мұра етіп алдық.
Соның біріне тоқталайық, XX ғасырдың 80-жылдары ғылым мен техника қарқынды даму жолына түсті. Сала мамандары мен ғалымдары өз салалары бойынша мектепте оқылатын пәндердің мазмұнын сол жетістіктер негізінде толықтырып отыру қажет деп есептеді. Солардың ықпалымен орта және жоғары сыныптарда оқылатын пәндердің мазмұны ұлғайып, тіпті жаңа пәндер де енгізіле бастады. Осындай саясаттың арқасында XX ғасырдың аяғында мектепте оқылатын пәндер бойынша берілетін білім көлемі балалардың білімді меңгеру қабілетінін артып кетті. Ол туралы орыстың белгілі ғалым-педагогтері К.Д.Ушинский, Е.А.Ямбург, В.Н. Бацын, Э.Д. днерпов және басқалары нақты дәлелдер келтіре отырып, ашық жазды. Бірақ одан тиісті қорытындылар жасалмады. Білім беру саласының басшылары «білім, білік, дағды» парадигмасының «нәтижеге бағдарланған, оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыратын» парадигмаға өту қажеттігін мойындағылары келмеді. Білім жүйесін дамытуға қатысты шешімдер қабылдауда ғылыми негізделген ұсыныстар толық ескерілмейтін болды. Әрине, мұндай қателіктер білім сапасына кері әсер етті.
Егеменді еліміздің өз мақсат-мұратына сай жаңа білім беру жүйесін жасау жұмыстарын қолға алғанда біз осындай келеңсіздіктерді ескеріп, алдымен білім беру саласын дамытудың ғылыми жүйесін жасауымыз керек еді. Өкінішке орай, ондай жұмыстар ол кезде атқарылмады. Біріншіден, кадр тапшылығы қатты сезілді. Кеңес уақытында елімізде білім беру проблемасымен шұғылданатын бірде-бір жақсы ғылыми зерттеу институты болмаған екен. Орта білім проблемаларымен шұғылданатын аздаған ғана штаты бар бір ғана кішкене институт жұмыс жасап тұрды. Мектепке дейінгі білім беру, кәсіптік білім беру проблемаларымен шұғылданатын институттар емес, тіпті зертханалар да болмады. Екіншіден, оларды құруға сол кездегі қаражат тапшылығы қол байлау болды.
Міне, осындай жағдайда, уақыттың аздығынан, білім беру жүйесін дамытудың барлық проблемаларын білім және ғылым министрлігі шешуі керек болды. Білім беру саласын дамытуға бағытталған реформалар жеткілікті ғылыми зерттеулер жүргізілмей қабылданып, іске асырыла бастады. Әрине, мұндай жағдайда қателіктердің кетуі заңды құбылыс еді.
Одан кейінгі жылдарда жүргізілген барлық реформалар да ғылыми негізсіз жүргізілетін болды. Елімізд Білім беру заңдары, білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламалары қабылданғанымен, тағайындалған әр жаңа Білім министрі өз бағдарламасын, өз реформасын, іске асыру мақсатында еңбек етті. Егемендік алғаннан бергі 25 жыл ішінде қазіргі 14-інші Білім жіне ғылым министрі тағайындалғанын ескеретін болсақ, онда білім саласында осы аздаған ғана уақыт ішінде қанша реформа қабылданып, оларды іске асыру мқсатында қанша жұмыс жүргізілетінін пайымдауға болады. Бірақ одан біліпм сапасы көтерілмей, керісінше төмендей бастады. Оны қоғам жақсы сезінеді. Сондықтан болар, Білім және ғылым министрлігі тарапынан айтылған қандай болмасын жаңа ұсыныс, жаңа реформа үлкен сенімсіздікпен қабылданатын болды. Көптеген БАҚ-да «Білім беру саласында жүргізілетін реформалар неге ғылыми негізсіз жүргізіледі» деген пікірлер ашық айтыла бастады.
«Халық айтса, қалт айтпайды» деген қанатты сөз бар, әйтсе де елдің пікірі өз пайымдаулары негізінде қалыптасады делік, сонда: «Басқа елдердің білім сапаларымен салыстырғанда еліміздің білім сапасы қандай деңгейде» деген орынды сұрақ туындайды. Енді осы сұрақтың жауабына барайық.

Білім сапасын анықтау мақсатында Халықаралық PISA, TIMSS және басқа да зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулерге білім сапасы дамыған барлық елдер қатысады және олар осы зерттеулердің нәтижелерін мұқият зерттеп, қажетті қорытындылар жасап отырады.
Еліміз алғаш рет 2007 жылы TIMSS зерттеулеріне қатысты. Оған 4 және 8-сынып оқушылары қатысады. Ол математика мен жаратылыстану пәндері бойынша 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады. Мақсаты: 4-сынып оқушыларының білім сапасын анықтау, сонымен бірге, 4 жылдан кейін олар 8 сыныпқа келгенде, осы пәндерден олардың білім сапаларын қайтадан анықтап, оларға салыстырмалы түрде баға беру.
2007 жылы зерттеуге еліміздің 4-сынып оқушылары ғана қатысты. Олар математика пәні бойынша 5-орын, жаратылыстану пәні бойынша 11-орын алды. Бұл жақсы көрсеткіш болды, халық қуанды. Ал 2011 жылы зерттеуге 4-інші және 8-сынып оқушылары қатысты. 4-сынып оқушылары сәйкесінше 17-ші және 32-ші орындарды иеленіп, 4 жылда білім сапаларының 22 және 21 сатыға төмендеп кеткенін, ал 2007 жылы 4-ші сыныпта оқыған оқушылар 2011 жылы 8-сыныпқа келгенде, олар осы пәндерден сәйкесінше 17-ші жіне 20-орындарды иленіп, өздерінің білім сапасын 4 жылда 12 және 9 сатыға төмендетіп алғандарын көрсетті
4 жыл уақыт ішінде білім сапасының осынша құлдырауы жақсы нышан емес, Бірақ бұл жағдай зерттеліп, оларға тиісінше баға берілмеді.
PISA зерттеуіне еліміз 2009 және 2012 жылдары қатысты. Оның мақсаты – 15 жастағы оқушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтарын анықтау. Оған 65 ел қатысты. Қазақстандық оқушылар оқу сауаттылығы бойынша осы жылдары 59-шы және 63-ші орындарды, математикалық сауаттылық бойынша 53-ші және 49-ш орындарды, ал жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша 58-ші және 52-орындарды иеленді. Бұл нәтижелер ЭЫДҰ елдері бойынша орташа нәтижеден көп төмен болды. Бұл зерттеулердің де нәтижелері зерттеліп, олардан да қажетті қорытындылар жасалмады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдері қатарына 2050 жылға дейін енуі тиіс» деп таныстық. Ол 12 фактормен анықталады. Соның ішінде білім жүйесіне қатысты 2 фактор бар. Олар: «Денсаулық және бастауыш білім және «Жоғары білім және кәсіптік даярлық». Еліміздің 2006 және 2015 жылдардағы көрсеткішетірн салыстыра қарағанымызда, жалпы рейтинг бойынша 2006 жылы 56-орында болса, 2015 жылы 42-ші орында болғанын, яғни жалпы көрсеткіштің 14 сатыға көтерілгенін байқадық. Бұл қуанарлық жағдай. Осы жылдар аралығында «Денсаулық және бастауыш білім» көрсеткіші 86-шы орыннан 93-ші орынға, яғни 7 сатыға, ал «Жоғары білім және кәсіптік даярлық» көрсеткіші 51-орыннан 60-шы орынға, яғни 9 сатыға төмендеген.
Мақсат 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына қосылу болса, білім беру саласы да осы елдердің қатарына жақындауы керек қой.
Сонда орта білім беру сапасын ақалай көтеруге болады?

(Жалғасы бар)
Асқарбек Құсайынов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста