Жаңалықтар

Отбасы құндылығын қорғау – ұлт келешегінің кепілі

  • Отбасы құндылығын қорғау – ұлт келешегінің кепілі

    Отбасы құндылығын қорғау – ұлт келешегінің кепілі

Гүл де, себілген дән де күтіммен өнері анық. Дүниеге келген бала аяулаумен ғана адам болары ақиқат. Бәріне негіз болып шексіз мейірім мен өлшеусіз еңбек тұр. Қазақта «аяғыңдағы етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» деген сөз бар. Кімге де болса, үлкен мен кішіге де, жас пен кәріге де, тіпті тұрмысы қандай болмасын отбасындағы береке-бірлік басты қағидаттардың бірі болса керек. Ағылшындар айтқандай, «менің семьям – менің берік қамалым» қанатты сөзі өркениетті қай ұлтқа да, қай мәдениетке де тиесілі болса керек. Әсіресе, бұл ешқашан жесірі мен жетімін жылатпаған ұлтымызда қасиетті ұғым. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейтін бабаларымыз бала үшін ата-ананың алақан жылуының маңызын, қадір қасиетін айтпай түсініп, түрлі жау шапқан шапқыншылық замандарда да отбасы құндылықтарын данагөй қариялар басты назарда ұстап, кереге-уығы әлсірегендерді дер кезінде бүтіндеп отырған. Әсіресе, ұрпақ әкелер жастағы жас әйелдерді тағдырдың талқысына лақтырмай, қамқорлап отырған дала философиясына таңғалмасыңа амал жоқ.


Жаһанды жайлаған түрлі идеологиялар ағымы саясатпен, билікпен астасып халық тұрмысымен қатар, түсінігіне де ізін салатыны ақиқат. Соған қарамастан, мораль, адамгершілік нормалары, ұлттық құндылықтар туралы ой толғасақ, түп қазық болып отбасы құндылықтары тұратыны анық.


Кімге де болса өзін өмірге алып келген әке мен анасының орны бөлек. Мансап қуған кейбір азаматтарымыздың моральдық тұрғыдан әкелік, аналық жауапкершілікті өзінің ішкі ары алдында да, өзі үшін де, өзге үшін де «өлшеулі» болып табылатын мәңгілік уақыт алдында да әлдеқайда жауаптырақ екенін кеш түсініп қалатындары да бар. Халық айтатын «Отан отбасынан басталады» сөзі отбасы сынды «кіші мемлекеттің» барлық стратегиялық маңыздылығын айқындап тұр. Бүгінде дүниежүзілік аренаға шыға отырып, жаһандану үрдісімен жұтылып кетпеудің бірден бір жолы діл, тіл, дәстүр, мәдени-тарихи құндылықтардың қайнар бастауы, сонымен қатар Отаныңа, еліңе, жеріңе деген терең сүйіспеншілік пен зор мақтаныш сезімнің шоғы үрленіп, мәңгілік маздайтын отын сақтайтын киелі мекен - туған жер, ұшқан ұя, отбасы екендігін терең түсінсек керек.


Еліміздегі игі дәстүр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет дамуына серпінді қадам болып табылатын, еліміздің өркендеуінің стратегиялық бағытын айқындап отыратын және ол сара жолдың дұрыстығын ел тәуелсіздігінің әр қадамында жас мемлекетіміздің жеткен толағай табыстары дәлелдеп отырған – жылма жыл халқына арнаған Жолдаулары болса, соңғы жарық көрген «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы – мемлекетіміздің өңірлік көшбасшылығын сақтай отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосатын, жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындап берген, мемлекеттілігімізді, ұлттық экономикамызды, азаматтық қоғамымызды, қоғамдық келісіміміз бен халықаралық беделімізді одан ары өркендетудің ұлттық бағдарламасы екендігі айқын. Жолдаудың «Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» туралы негізгі үшінші тармағында көрсетілген «Ананы қорғау. Әйелдерге қамқорлық. Баланы қорғау» тарауларының басты мақсаты ана мен баланы, яғни отбасы құндылықтарын қорғау, ұлт келешегіне қатысты мемлекетімізді және тәуелсіз мемлекеттілігімізді нығайта түсу деп түсінсек керек.


«Қазақстан 2050» Стратегиясында: «Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары» - деп атап көрсетілген.


Бүгінгі күні Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің жақсаруы, жас және көп балалы отбасылардың, ана мен баланың қорғалуы, бюджеттен еңбекақы алатындардың, оның ішінде көбінесе әйелдер қауымының өкілдері қызмет ететін мұғалімдер мен дәрігерлер еңбекақыларының өсуі - біздің еліміздегі әйелдерді қолдауға жасалып жатқан шаралар. Қазақстан бүгінде ана мен балаларды қорғау жөніндегі көптеген халықаралық конвенцияларға мүше мемлекет.


Зайырлы мемлекетімізде бүгінгі күні көптеген әйелдер биліктің жоғары эшелондарында жұмыс істеп жүр. Тәуелсіз мемлекетіміз қоғамдық құрылымымыздың барлық саласында әйелдердің еңбек етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің елу пайыздан астамын әйелдер құрайды. Қазақстандық әйелдердің ғылымдағы, өнердегі, қоғамдық өмірдегі жеткен биіктері мен белсенділігіне бүгінде өркениетті елдер қызыға қарайды. Қазақстандық әйелдер отбасының, мемлекеттің, тәуелсіз Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп келеді.


2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды. Мемлекет Басшысының жарлығымен мемлекетімізде ананы қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау күндері арнайы енгізілді. 2013 жылы АҚШ киноиндустриясынан жарық көріп, дүние жүзінде үлкен резонансқа ие болған американдық билік жүйесінен көрініс беретін «Карточкадан соғылған үй» фильмін қарап отырып, елағасы жасындағы сенатордың жұмыс пен қала өмірінің тынымсыз тірлігінен ата-анасын ұмытқан жас журналист қызға бұйырып: «Бүгін әкелер күні ғой. Соның құрметіне, ең болмаса, әкеңмен хабарлассаңшы», - деген сөздері көрермендерге де ой салады деп ойлаймын. Өркениетті елдер үрдісіне қосыла отырып, «Әкеге тағзым» күнін де арнайы белгілесе, мемлекетіміздегі отбасы құндылықтарын сақтау ісіндегі игі шаралардың біріне айналары сөзсіз.


Ғұлама Абайды Абай еткен ана, әже тәрбиесімен қоса әділдігі тас жарған, аса қатал, аса шешен, аса білімді әкесі Құнанбай екендігі ақиқат. Түрлі дауларға шешім шығара, билік айта отырып, жанындағы бала бүркіт ұлының қашан да пікірін тыңдап, ойының дұрыстығына көзі жеткен жағдайда даугерлерді қайта шақырып, болыстық беделінен әділдікке негізделген әкелік жауапкершілігін жоғары қойып: «Мен шешімімді қайтып алам. Абайдың ойы дұрыс. Төрелігін Абайдан тыңдаңдар», - деген сынды аузы дуалы бидің тура байламдары бала бүркіттің бапталып, қияға самғауына себепкер болса керек.


Президентіміздің: «Ұлттың ұлы бақыты – Қазақстан жаңа үшінші мыңжылдыққа дербес тәуелсіз мемлекет болып қадам басты! Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт–санасы мен әдет–ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да – бөліп–жаруға келмейтін ортақ қазына» деген сөздерімен ойымызды қорытындылай келе, мемлекет беріктігінің негізі отбасы бірлігінде, ал отбасының беріктігі қазақ қазақ болғалы атадан балаға асыл мұра болып келе жатқан, кемісін өшіріп, келелісін ғана сұрыптап қалдырған, жердегі құдай – халықтың мөрі басылған, ұлттық салт–дәстүрмен санаңа сіңетін отбасы құндылықтарын берік сақтауда екенін түсінуде дер едік.


Әділбекова Ләззат Махайқызы,


ф.ғ.к., профессор,


Қазмемқызпу


 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 11:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31