Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

Отбасындағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларға отбасы тәрбиесін берудің мақсаты нарықтық экономика жағдайында ата-аналардың педагогикалық-психологиялық мәдениетін көтеру. Отбасында өзара қатынастардың тәрбиелік мәнін тиімді арттыру. Мен мектептің педагог-психологы ретінде баланың жағдайын тек әлеуметтік жағынан ғана жасау емес оның дұрыс дамуына психологиялық, моральдық жағынан да дайындық жұмыстарын жүргізген дұрыс деп білемін.

Жеке тұлғаның өсіп жетілуіне ықпал ерекше болғандықтан отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп “отбасы” ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен, Р.Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық көрген философиялық сөздігінде: “Отбасы - әлеуметік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға – інілер мен апа – қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы” деп айтылса, Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: “Отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала ...) тобы” деп анықтама берілген. Ғалым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді [1, 10-б].

Жоғарыда айтылған анықтамаларға сүйене отырып отбасының мынадай белгілерін көрсетуге болады.

1) Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әр түрлі жастағы және әртүрлі құқылы адамдардан бірікккен ұжым.

2) Оларды ерлі – зайыптылық, ата – аналық, балалардың ата – аналарына, ересектердің кішілерге және бір-біріне деген қарым-қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

3) Ата – аналар мен балалар бір – бірінен отбасы басқаруымен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.

4) Отбасы өмірі әртүрлі материалдық (биологиялық, шарушылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) үрдістерімн сипатталады. Ал отбасында әлеуметтік рольді адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады.

Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жас өспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шарушылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершілік – эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу [2, 15-17-бб.].

“Отбасы тәрбиесі” ұғымының өзі “отбасы” мен “тәрбие” категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен ролі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды. Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді: Біріншіден, отбасы материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы.

Екіншіден, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер арқылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көз қараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Мектеп пен отбасы бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері. Ондаған жылдар бойына жас ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін айқындауда “қоғамға пайда келтіретін азамат тәрбиелеу” ұғымы пайдаланылып келді. Ал, қазіргі құқықтық, демократиялық және гуманистік қоғам орнатуға бет бұрған жағдайда мемлекетке экономикалық реформаны жедел дамытатын мамандардың ең алдымн тәрбиелілігі жоғары деңгейде болуы қажет. Демек, бүгінгі әрбір адамның жеке басын материалдық және рухани адамзаттық құндылықтары мен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат-міндеттер отбасы тәрбиесін жақсартудан бастау алып, ондағы тәрбиешілер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерінің заман ағымына сай жетілдірілуі шешілмек. Бүгінгі таңда ата-аналардың отбасы тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының ерекшеліктерін сөз етуден бұрын ең алдымен бүгінгі отбасы, ондағы тәрбие жағдайына тоқталу керек. Ол үшін қазақ елімен ұқсастығы бар өркениетті елдер тәжірибесін салыстырайық [3, 20-б].

Отбасы мәселелерінің басқа елдердегі жағдайын зерттегенде экономикалық жағдайы жақсы отбасыларының босағасы берік екенін көреміз. Мысалы, отбасында экономикалық негізі берік қаланған ел Жапония екен. Жапонияның мемлекеттік экономикасы ең алдымен отбасы экономиксынан басталып, дамитын көрінеді. Жапон шаңырағындағы бұлжымас тәртіп, баланы сәби кезінен кісілік қасиетке баулу, әйелдің тек үй шаруасымен айналысып ерінің бар күш – қуатын жұмсап еңбек етуіне жағдай жасауы, кәсіптік отбасылық дәстүрінің дамуы бұл елді зор өркениеттілікке жеткізіп отырған [3, 30-31-бб].

Пекинде өткен әлем әйелдерінің халықаралық конференциясында Жапондық профессор Сакико Фуколо өз еліндегі үй өз еліндегі үй шаруасымен айналысатын әйелдің жылдық ұлттық табыстығы үлесі 70% жуық болатынын айтқан. Жапон әйелі бала тәрбиелеп, күйеуінің еңбек етуіне жағдай жасағаны үшін осылай табыс тауып, қоғамның дамуына үй шаруасы арқылы үлес қосады екен. Біз отбасылық өмірдің осындай Жапондық үрдісіне жақынбыз. өйткні, бұл қазақтың ұлттық болмысында да бар нәрсе.

Қазақ халқының тарихына үңілсек, отбасының тұрмыс тіршілікте және шарушылық өмірде ерекше рол атқарғанын байқаймыз. Атақты байлар мен билер, хандар мен батырлардың байлық салтанаттары өздерінің отбасындағы береке бірлікке байланысты мықты болғанына көзіміз жетеді. Шаңырақтағы жанбасының көптігі шарушылық жүргізуде зор күш болған.

Нарықтық қатынас тұсында барлық мекемелер (медицина, білім т.б.) арқылы қызмет көрсетуге өтінуіне байланысты көптеген отбасыларының әлеуметтік жағдайлары күрт төмендеп кетті. Көпшілік рухани байлықтан гөрі материалдық байлықты дұрыс көретін болды. Бір ғана күн көрістің жағдайымен көпшілік аналар саудаға араласты, нәтижеде балалар тәрбиесіне көңіл бөлінбей қалды. Жетіспеушіліктен отбасыларда психологиялық ахуал төмендеп кетті, бұл жастардың мінез-құлқына өз әсерін тигізіп отыр.

Илиясова Нагима Дуйсенбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

«С.Сейфуллин атындағы ЖОМ»

педагог-психолог

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста