Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты негіздеу

Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты негіздеу

Ұрпағымыз «қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілін жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» түрінде меңгеруі үшін бұл тілдерді оқыту жүйелі және мақсатты болып, білім беру үрдісінің негізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізілуі тиіс.

Сабақ- күрделі үрдіс. Оның белгілі бір мақсат пен жоспарға құрылатыны, ал нәтижелілігі түрлі психо-педагогикалық, дидактикалық оқу мен оқыту әрекеттеріне, әдіс-тәсілдеріне байланысты екендігі белгілі. Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, балаға ерте жастан қандай да бір білім беруде, зейінін шоғырландыруда қолданатын педагогикалық ұстаным- ол ойын әдісін қолдану болған.
Баланы ерте жастан ана тілі мен шет тілінде тілдік қарым-қатынасқа түсіруге итермелейтін бірден-бір табысты құрал дидактикалық ойындар болса, ол баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі болып табылады.
Педагогикалық үрдісте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, әсіресе еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болатындығы ескерерлік жағдай. Ойын тілді тез меңгеруге жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, әсіресе мектепке дейінгі жаста ол өте тиімді. Өйткені бұл жастағы ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі. Сондықтан ойынды баланы өмірге әзірлеудегі жаттығу деп те қарастыруымызға болады.
Сонымен ойын әрекетінің мектепке дейінгі жастағы жетекші әрекет екенін ескерсек, балалардың өзінің жеткен нәтижесін, білу деңгейін көруі үшін, өзіне сын көзбен қарап баға беруі үшін сабақты көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізген жөн. Шет тілін балаға ерте жастан үйретуге бағытталған ойындарды төмендегідей топтастыруға болады:
 ережеге негізделген ойындар;
 рөлдік ойындар;
 білімді тереңдету ойындары;
 лингвистикалық ойын нұсқалары;
Алайда бұл дидактикалық ойындардың қай түрін алсақ та, педагог үшін маңыздысы сабақта жақсы атмосферасының сақталып, оқу мақсатына жетуге ықпалының жоғары болатындығына әсер етуі.
Сабақта шет тілін үйретуде ұйымдастырылған ойын үрдісінде балалар ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Себебі, бала қашанда ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Елімізде мектепке дейінгі жастағы балаларға алдымен тағылымды тәрбие беру басты мақсат болғандықтан, ағылшын тілі сабағында ойнататын ойынды этнопедагогикамен ұштастыру маңызды. Мысалы, балаларға түрлі ертегі кейіпкерлерінің қонаққа келуі немесе жалмауыз кемпірді жеңуге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасату арқылы тілді оқытуда мектепке дейінгі жастағы баланың ертегі әлеміне, қиял-ғажайыпқа қызығушылығын, жаңаны танып білуі және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімінің тууына ықпал етіп, жан-жақты дамытуға болады. Сондай-ақ, ойын формасы сабақ тақырыбының, мазмұнының күрделілігіне қарай уақытында динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен түрлендірілуі керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап та кетуі мүмкін.
Жас ерекшелігі мен тұлғаның психо-физиологиялық қалпы тұрғысынан алғанда балабақшада шет тілін оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан ағылшын тілін үйретуші маманның үнемі оқытудың әдісі мен оған қойылатын талаптар тұрғысында осы ерекшеліктерді ескеруі тиіс. Балақшада жұмыс істейтін мұғалім үшін де тәрбиеленушілерге ағылшын тілін үйретуде сабақтың әдістемелік сапасының жоғары деңгейде болуы алғы шарттардың бірі болып табылады. Сол себепті мұғалімнің сабақ жүргізу әдістемесі оны дұрыс құрудан басталғаны жөн. Сабақ үрдісін құрудағы маңызды қадам- белсенді оқыту әдістері мен оны жүзеге асыруда қолданатын тиімді тәсілдер болмақ. Сабақ үрдісіндегі оқыту әдісі оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындаудағы мұғалім мен тәрбиеленушілердің бірлесіп әрекет ету үшін қолданатын түрлі тәсілдерден тұрады. Сабақтың дидактикалық кезеңдеріндегі мақсаттарға жету үшін де мұғалім тәрбиеленушілермен шет тілін үйренудегі бірлескен іс- әрекеттерді оқытудың төмендегідей әдіс-тәсілдері арқылы реттік жүйеге келтіруі тиіс:
• оқыту әдістері арқылы танымға қызығушылық туғызу;
• ізденуге құлшыныс жасату;
• жаңа білімді өзбетінше түсіну;
• баланың ақыл-ойын дамыту;
Осы орайда мұғалім тіл жанашыры Ф.Оразбаеваның басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын өзіндік принциптері арқылы ажыратқан қатысымдық әдісті де ескеруі керек. Олар:
 Тіке байланыс;
 Адамның жеке қабілетін ескеру;
 Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау;
 Сатылап даму;
 Динамикалық өзгеру;
 Өзектілік.
Автордың пайымдауынша, «Қатысымдық әдісті пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті іске аспайтынын мойындау керек. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстар мен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес». [2]
Білім мақсаты грамматикалық ережелер мен анықтамалар жүйесінен тыс сөз үйрету техникасы негізінде баланы ерте жастан ағылшынша дұрыс сөйлей білуге үйрету болғандықтан, ағылшын тілі сабағының ұйымдастырылуы төмендегі талаптарға сәйкестендірілгені жөн:
1.Сабақ үрдісінің құрылымы тартымды, мақсаты айқын және толық мәнді болуы;
2.Сабақ үрдісінде ағылшын халқының әдебиеті мен мәдениеті, ғылым мен өнері, әдет-ғұрпы, салт-санасы тарихпен және бүгінгі уақытпен байланыстырыла насихатталуы;
3.Тәрбиеленушінің ағылшын тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымы кеңейіп, халықтың құнды рухани байлықтарын танып білу арқылы танымдық құзыреттілігін қалытастырудың іске асырылуы;
4.Әр сабақ үрдісінде бала таным арқылы ақиқатқа жету, бұрын таныс емес шешімдерді іздеу, өзіне тың жаңалық ашу және соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол аша білуі;
5.Балалардың ағылшын тіліндегі сөздік қорын байытуда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдері сарапталып, ерекше талғаммен қолданылуы керек.
Мұғалім ағылшын тілі сабағын жоспарлағанда оқушының төрт тілдік құзыреттілік дағдысын жетілдіруді үйлесім мен жүйе логикасында қарастырғаны жөн. Оған оқыту үрдісіндегі білім беру, үйрету, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктері тірек бола алады.
1. «Психология индивидуальных различий», Е.П. Ильин
2. «Физикалық психология», А.А. Исаев
3. Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.
4. //blogtime.kz/biznesjanemen/liderge-kazhetti-21-kasiet-1-bolim., 15.05.2015 ж.
5. //bilimtime.kz/kembridzh-badarlamasy/
6. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», екінші ( негізгі) деңгей
7. «100 Лучших Консультантов в Сфере Лидерства», Ицхак Калдерон Адизес
Мінез адамның өміріне, жетістіктерге жетуіне не жетпеуіне ерекше ықпал ететін құбылыс. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде біз мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттап жатамыз. Е.П. Ильиннің айтуынша, егер біз адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын да болжай аламыз. Жалпы мінезге қатысты күні бүгінге дейін зерттеуші ғалымдардың пікірі бір арнаға түспеген. Оны біреулері туа бітеді десе, енді біреулері жүре бітеді дейді немесе мінезді өзгертуге болады дейтіндерге, өзгерту мүмкін емес деп дәлелді пікірлер айтатындар да баршылық. Алайда, өз басым «адамның мінезін түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген Абай бабамыздың тұжырымды сөзін өз әрекетіме қолдау ретінде ұстанғым келеді. «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықтарды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтік стимул болып табылған әртүрлі жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және аффекттік компоненттердің үйлесуі болып табылады»,- дейді Карл Роджерс «Өзіндік «мен» тұжырымдамасында.» [Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2- деңгей, 36-бет ] Осы идеяны қатар қарастырушы ғалым Бандура маңызды 2 мотив: өзін- өзі сыйлау мен өзін-өзі бақылауды алға тарта отыра, жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін 4 факторға тоқталған. Олар: қол жеткізген тәжірибе, модельдеу, адамдардың пікірлері, физиологиялық факторлар болса, менің ойымша, осылардың ішінде тұйық оқушының өзіндік «менін» қалыптастыруға мұғалім мен сыртқы орта әсерінен тікелей ықпал ететіні «адамдардың пікірлері» мен «физиологиялық факторлары» болуы керек. Өйткені бұл екі фактор да мұғалім үшін күнделікті өмірде қолдануға, бақылауға және өзгеріс жасауға икемді әрекет түрлері болып табылады. Ендеше, өзімді мазалаған сұрақтың жауабын табуға, сөйтіп әріптестеріммен тәжірибе бөлісуге менде айқын жол, зор мүмкіндік бар деп ойлаймын. Өйткені мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі ретінде, 2-деңгейлі біліктілік курсын оқушы және тәжірибеде өзгеруші жан ретінде бұл әрекетке басшылық жасай алуға құзіретті болуым керек. Осы орайда сабақтарымда «тұйық оқушымды қалай ашамын?» деген өзімді алаңдатқан мәселені шешуге бағытталған оқу мен оқыту үрдісіндегі зерттеу ісін жоспарлауым, жүргізуім керек деген ойға келдім.
Бүгінгі заманның мұғалімі ретінде заманауи сабақтарды жоспарлауда жаңа жүйеге сәйкес ынтымақтастық және топтағы жұмыс, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, сын тұрғысынан ойлануды дамыту, желілік қауымдастықтағы қызмет, дарынды және талантты балалармен жұмыс, критериалды бағалау, оқушының жас ерекшеліктеріне қарай оқытуды ұйымдастыру сияқты 7 модулді тәжірибе жүзінде қолданудамын. Алайда, бүгінгі мұғалімге жақсы сабақ өткізіп қана қою аздық етеді. Жақсы сабақ тек терең білім, білік, дағды қалыптастырумен шектелмей, оқушының тұлғалық дамуын көріп отыратындай бақылау-зерттеуге құрылуы тиіс. Мұғалім алдындағы оқушысының тамырын дөп басып, уақытында қолдау көрсететін жан емшісі бола білуі керек. Сондықтан оның мектеп жағдайындағы іс- әрекеттегі зерттеуші болуына тура келеді.


Қолданылған әдебиеттер:
1. «Топтық жұмыс туралы нұсқаулық.»
2. «Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту.» Әдістемелік құрал.
3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» (2-деңгей)
4. «Психология индивидуальных различий», Е.П. Ильин
5. «Физикалық психология», А.А. Исаев
6. Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.
7. //blogtime.kz/biznesjanemen/liderge-kazhetti-21-kasiet-1-bolim., 15.05.2015 ж.
8. //bilimtime.kz/kembridzh-badarlamasy/
9. «Мұғалімге арналған нұсқаулық», екінші ( негізгі) деңгей
10. «100 Лучших Консультантов в Сфере Лидерства», Ицхак Калдерон Адизес

Ожанова З.О.
Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста