Жаңалықтар

Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты

  • Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты

    Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда білім гранттары қалай үлестірілгені жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"ЖОО-ларға қабылдау ережелері жайлы, халықты алаңдатқан сұрақтарға тоқталып өткім келеді. Биыл талқылап, шешуіміз қажет. Біріншісі - мамандықтар бойынша гранттарды үлестіру. Себебі біз экономиканың әлеуетті салалары бойынша гранттарды үлестіреміз. Мысалы, есептеу техникасына 610, ал құқықтануға бар болғаны 45, жалпы медицинаға 2500 және стоматологияға 45. Бұл түрлі бағдарламаларда бекітілген. Жыл сайын жоғары балл алғандар грантсыз қалып жатыр, ал аз балл алғандар басқа мамандықтарға грант алып жатыр", - деді Сағадиев үкімет отырысында. Оның пікірінше, гранттарды үлестірудің экономикалық тұрғыдағы ойға қонымдылығы әлеуметтік әділдік мәселесіне келіп тіреледі. "Жыл сайын бұл ата-аналардың тарапынан көптеген сұрақ туындатып жатыр. Бұл жаңалық емес, жыл сайын процеске жаңа ұрпақ пен тәжірибесі жоқ ата-аналар мен балалар келіп жатқанын да ескеру қажет. Олар бірінші рет мұндайдан өтіп отыр. Оның үстіне әлеуетті мамандықтар бойынша гранттар тізімі өте кеш шығады, бізде министрліктер мен әкімдіктермен көп дүниені келісу қажеттігін жинау жүйесі ауыр. Талапкер өз мүмкіндігін бағамдай алмайды, оған профильдік пән таңдауға және дайындалуға үлгермей жатады", - деді ҚР БҒМ басшысы.

 




Көрілген: 1062    Пікірлер: 1

сейсенбі, 15.08.2017, 11:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 14:25
    Елбасы – елдің тірегі
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31