Жаңалықтар

Семейде мұғалім оқушы қызға «қырындаған»

  • © murmansk.kp.ru

    © murmansk.kp.ru

Семейде оқушы қыздың денесіне «қол жүгіртіп», қырындаған денешынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


21 ақпанда болған оқиға қала мектептерінің мұғалімдерінің төбесінен жай түсіргендей болды. Қаладағы № 30 мектептің жетінші сынып оқушысы өзіне денешынықтыру пәнінің мұғалімі еркінен тыс әрекетке итермелегенін айтып, директорға арызданған. Кейін қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірді.


Алайда әріптестері оның мұндай әрекетке баруы мүмкін еместігін айтып, оқиғаның түсінбеушілік екенін алға тартуда.


«3 жылдан бері ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқан оның бойынан ерсі әрекеттерді байқаған емеспіз», - дейді әріптестері.


Қазір мұғалімге қатысты «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде. Ал дау шыққан кейін мұғалім жұмыстан босатылған.


«Негізі мұғалім оқушыға жамандық ойлауы мүмкін емес. Ұзтаздың жаман пейілі болмауы, ал қыз мұны теріс қабылдап қоюы мүмкін. Сондықтан соңы осындай үлкен мәселеге айналып отыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені іс аяқталғаннан кейін нақты белгілі болады», - деді Семей қалалық Білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко.


 




Көрілген: 1065    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.03.2018, 14:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31