Жаңалықтар

ШҚО-да жалған студенттерге грант беріліп, емтихан қабылданып келген

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы өңірдегі колледждер жұмысынан көптеген заңсыздықтар анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыстағы колледждердің жұмысын тексерген прокуратура өкілдері мемлекеттік тапсырыс, грант бөлу, жатақханамен қамту салаларында көптеген заңсыздықтар анықтаған.


Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, білім беру мекемелерінің басым бөлігі түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы негізсіз ақпарат беріп келген. Ал шындығында оқу бітірген студенттердің жұмысқа орналасуына колледж басшылығы ешқандай ықпал етпеген.


«Мемлекеттік тапсырыс конкурстарын өткізуде өрескел заңбұзушылықтар анықталды. Оқу гранттарын бөлуде де бассыздыққа жол берілген. Ал кейбір колледждер білім алушылардың санын қолдан көбейтіп, мемлекет қаржысын жымқырып отырған» - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.


Нақтылап айтқанда, Семей бизнес және сервис колледжінде, Өскемен мен Аягөз қалаларындағы политехникалық колледждерде сырттан келіп оқитын студенттерге жатақхана қарастырылмаса да, облыстық білім басқармасы қосымша гранттар бөліп отырған.


Ал Күршім ауданында 12 жалған студентке шәкіртақы төленіп келген. Колледж мұғалімдері қағазда бар, өмірде жоқ студенттерге күн сайын баға қойып, тоқсан сайын емтихан «қабылдап» келген.


Осындай жолмен мемлекет бюджетінен 8 млн теңге жымқырған.


«Білім мекемелерінің аумағын жалға беріп, жеке табыс көзіне айналдыру фактілері де анықталды. Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің аумағынан ашылған ақылы көлік тұрағы прокуратураның ескертуінен кейін жұмысын тоқтатты», - делінген баспасөз мәліметінде.


Колледждердегі бассыздықтар кесірінен мемлекетке 43 млн теңге шығын келген. Оның 36 млн теңгесі қайтарылды.


 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.11.2018, 15:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қазан, 13:22
    Адалдық ардың ісі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30