Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Шығыс елдеріндегі жаңа жыл

Жуырда жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінің келуіне орай «Шығыс елдерінің жаңа жылы!» атты тақырыпта тәрбиелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония, Испания, Филипин және басқа да елдерден келген, жалғастырушы топта оқитын шетелдік студенттер қатысты. Шара барысында шетелдік студенттер оқытушылардан шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды атап өту салттары мен жолдары туралы, сонымен бірге әр елдің жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері және тарихы, түрлі көріністері жайлы мәліметтер алды.

Қытай Халық Республикасынан келген студенттер Қытайда «Чуньцзе» немесе көктем мерекесі - қытайлықтар үшін қасиетті мейрам екені туралы, жаңа жылды тойлау дәстүрлері туралы, жыл бойы демалыссыз жұмыс істейтін еңбекқор халық Шығыс жаңа жылын 40 күнге дейін тойлайтыны туралы, бүкіл Қытай қызыл реңге бөленіп, жын-шайтандарды шошыту үшін күні-түні от шашатыны туралы айтып, өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Сонымен қатар, қытай тілінде өлең оқып, ән салды.

Кореядан келген студенттер Оңтүстік Кореяда жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері туралы, жаңа жылда отбасы мүшелері бәрі бірге жиналып үлкендерге сәлем беру ерекше саналатын дәстүрі туралы, арнайы жаңа жылдық ұлттық тағамнан дәм тату туралы сөз етті. Сондай-ақ, корей тілінде ән айтып, би биледі.

Одан кейін шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары сөз алып, жаңа жыл – ел үшін жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, сонымен қатар, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін айтып өтті.

Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы шығыс елдерінің жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерімен таныса отырып, шығыс елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалады.

«Шығыс елдерінің жаңа жылы!» атты іс-шара шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті.

 


А.Е. Саденова. ф.ғ.д.,
Р.М. Есбулатова. ф.ғ.к..

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Шетелдіктердің тілдік және
жалпы білім беру дайындығы
кафедрасының оқытушылары.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста