Жаңалықтар

Талдықорғанға білімін жетілдіру үшін келген мұғалімдер далада қаңғып қалды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Далада қалған ұстаздар. Талдықорғанға білімін жетілдіру үшін келген 300-ге жуық ағылшын тілінің мұғалімі тұратын жер таппай тентіреп жүр. Оқуға шақырғанда уәдені үйіп төккендер оларға ешқандай жағдай жасамапты. Сабақ өтетін ғимаратта не асхана, не дәретхана жоқ. Ал білім басқармасындағылар бәріне тендерді ұтып алған ұйымды кінәлады.


Білімін жетілдіріп, ағылшынын шыңдау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық мұғалім Талдықорғанға келді. Жетісу жерінде бес ай жатып, бас көтермей оқу үшін көбі бала-шағасын үйде қалдырған. Бірақ бұндағы жағдайды көргенде өзектерін өкініш өртеді. Жүріп тұруына деп берген ақшасы пәтер жалдауға да жетпейді екен.


Аида Сейітқазы, ағылшын тілінің мұғалімі:


-Ақшасы төленеді, степендия береді деді. Қайда?! Ешқандай ештеңе жоқ. Облыстан келгендерге 45 мың , Астана, Атырау, Алматыға 82мың деп тұр. Жарайды 45 мың төлесін. Бірақ бізге жағдай жасамай ма? Түнімен шабаданымызды арқалап далада жүрдік.


Киім-кешегі мен кітабын көтеріп дала кезіп жүрген ұстаздардың сабақ өтетін жердегі жағдайға да көңілдері толмай отыр. Бірінші қабатында құрылыс жүріп жатқан ғимаратта не асхана, не дәретхана жоқ. Ұйымдастырушылар болса өздеріне шаң жуытар емес. Олар қаладан жөні түзу жер таба алмадық дейді.


Ұстаздарды оқытып, олардың жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін Білім министрлігі арнайы тендер өткізілген. Қазақстан бойынша оны төрт бірдей компания ұтып алған екен. Талдықорғанға келген үш жүзге жуық оқытушыға қанша қаржы бөлінгенін ешкім білмейді. Ал облыстық білім басқармасының басшысы шулап жүрген мұғалімдерді көріп аң-таң.


Ләззат Базарқұлова, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы:


-Қазір жататын жер мәселесін шешуге тырысамыз. Тендерді ұтып алған мекеме барлығын қалыпқа келтіру керек. Оларға талап қоямыз. Сабақ өтетін жерді де жаңартсын деп жатырмыз. Бірақ дәл қазір олардың тауып беретініне менің күмәнім бар.


Тамаққа деп берген ақшасы пәтерден артылмай, дәріс өтетін жері талапқа сай болмай тұрғанда мұғалімдердің білімін жетілдіреді деу қиын. Ұстаздардың көбі келгендеріне өкінетіндеріне жасырмады. Бұл тек бірінші күн. Алда әлі 5 ай бар. Ал шенеуніктер бүгін оқытушыларға жатақхана тауып бермесе, олардың жүгін көтеріп тағы да түнімен сандалуына тура келеді.  


ktk.kz




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.09.2017, 21:27

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
6 Сәуір, 11:23
Қош келдің - Наурыз!
5 Наурыз, 16:39
Білімді ел – мәңгі ел
22 Ақпан, 14:20
Етістік
21 Ақпан, 13:21
Киелі жеті саны

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30