Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»

  • «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»

    «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»

 Кураторлық сабақ жоспары


Тақырыбы: «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!»


Сынып: 10


Қатысушылар саны: 22


Сабақ мақсаттары:


Бейнебаян арқылы Желтоқсан оқиғасына шолу жасап, егемендігіміздің оңайлықпен келмегендігін, бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанда емін-еркін өмір сүріп жатқандығымызды бағалай білуді жас ұрпақтың санасына сіңіру. Өз елінің дамуына қосар үлесі зор екендігін Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «100 жаңа есім» атты жобасын туралы мағлұмат беріп, оқушылар бойына мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.


Күтілетін нәтиже


Оқушылар өткен тарихымыз туралы мағлұмат алады, «100 жаңа есім» жобасының елдің дамуына қосқан үлесі жайлы түсінеді, өздерінің де сол тұлғадай болып қалыптасуға зор мүмкіндік барына көз жеткізеді.


Ресурстар: Бейнебаян, таратпа қағаздар, стикерлер т.б.


Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, мәдениет


Сабақтың жоспарланған кезеңдері:  Жоспар бойынша орындалуы тиіс әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы 7 мин.


Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым» атты куратор сабағын өткізгелі отырмыз. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлықтарыңды ортаға бір шаңырақ астына келіп тұруларыңды сұраймын. (Барлық оқушылар куратор көтерген шаңырақтың астында тұрады.) Міне, біз өз тәуелсіздігімізді алып, жаңа тәуелсіз ел болып өзгеше шаңырақ көтердік. Өз Тәуелсіздігімізді алғалы биыл 26 жыл толып отыр. Біздің Тәуелсіз Қазақстан несімен құнды деп ойлайсыңдар? Біздің басты байлығымыз не деп ойлайсыңдар? Қазақстанның әр азаматының міндеті қандай деп ойлайсыңдар? Оқушы ұстаған ленталар түрлі- түсті болады. Сол арқылы балалар топқа бөлінеді). Сонау өткен тарихқа көз жүгіртсек қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? 1937-1938 жылдары дербес мемлекет қалыптастыруды ойлаған Алаш азаматтары осы күнді аңсап кетті. Ал,1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастарды да егемен ел болып, болашағымызды қалыптастырамыз,- деп тар жолда тайғақ кешті. Міне, осындай қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен қазақ елі бүгінгі күні бейбіт, жарқын өмір сүріп отыр. Сондықтан, осы қасиетті Тәуелсіздігімізді қадірлеп, патриоттық рухтарың мықты, болашақта еліміздің дамуына үлес қоса алатын нағыз азамат болу керексіңдер! Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Тәуелсіздіктің құны теңдессіз. Ендеше сол тарихқа көз жүгіртсек.


Сабақтың ортасы 20 мин.


Құрметті оқушылар! Қазір мына бір бейнебаянды көрмес бұрын, алдарыңызда жатқан тапсырманы оқып, бейнебаян көру барысында, сол тапсырма төңірегінде бақылып, жауап іздеп отырыңдар! 1) Көрсетілген бейнебаянның саяси жақтарын қарастыру. 2) Көтерілістің басталуына түрткі болған оқиға 3) Оқиға құрбандары қалай жазаланды?Қазақ жастарының туған еліне деген патриоттық сезімдері қандай? 4) Желтоқсан оқиғасы қазақ даласына қандай өзгерістер енгізді? Қазақ жастарына қарсы қандай операция қолданылды? (Бейнебаян қосылады) Құрметті оқушылар! Міне, біз өз тарихымыздың қанды беттеріне бір тоқталып өттік. 1. Сонымен өз Тәуелсіздігімізді қашан алдық? 2. Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау керектігіне көзіміз жетті ме? 3. Тәуелсіздік алғалы неше жыл өтті? 4. Қазіргі күнде Қазақстанның дүниежүзінде алатын орны қандай? 5. Құрметті оқушылар! Сендер күнделікті үйге қайтып бара жатқанда немесе келе жатқанда көлік тосып тұратын аялдамаларда қандай суреттер ілініп тұрғандығын байқадыңдар ма? Сол суреттерде қандай жазулар жазылған? Келесі бір бейнебаянды көрмес бұрын мынадай тапсырма сұрақ беремін. 1. « 100 жаңа есім» есім жобасының мәні неде? 2. «100 жаңа есім» жобасы кімнің бастамасы болды? 3. «100 жаңа есім» жобасына кімдердің аты енуге лайықты? 4. «100 жаңа есім» жобасына өзіңнің атың ену үшін өз еліңе қандай үлесіңді қосар едің? (бейнебаян)


Сабақтың соңы 10 мин.


Қорытынды: Құрметті оқушылар! Бүгінгі куратор сағатының тақырыбы «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» деп бекерге аталмағандығына көздеріңіз жетті ме? Біздің ең басты байлығымыз не екен? Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды деген кезде шетелде жүрген қазақтар қуаныштан көздеріне жас алып, өз елін, жерін сағынғандығы сонша шекара асып келіп, туған жердің топырағына жата қалып, сүйіп, жылап жіберген екен. Міне, өз еліне деген сағыныш, өз еліне деген сезім қандай болу керек?! Тәуелсіздікті мәңгілік көзіміздің қарашығындай сақтау, сендердің, жас ұрпақтың қолында демекпін. Ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқандығымыз, Елбасымыз Н. Әбішұлының көрегендігінің арқасы екендігін, мына сендер , болашақ көшбасшылар! Елбасы мектебінде текке оқып жатқан жоқ екендіктеріңді, алдарыңда әлі атқаратын көп міндеттер бар екендігін сезініп, келесі 25 жылдықта Қазақстанды алпауыт ондықтың қатарынан табылуға үлес қосатын болашақ көшбасшылар, сендер екендігін ұмытпаңдар!


Ендеше, бүгінгі сабағымызды еліме деген мақтанышпен, жүректегі үлкен қайратпен аяқтай отырып, барлықтарыңызды алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Рефлексия: Барлығымыз орынымыздан тұрып 360 градусқа айналып тұра қалайық, енді алға бір қадам жасап, Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз, Жігерлі де , білімді айбаттымыз. Елде, қырда жүрсек те Көшбасшы боп,


Бақтыбаева Асем Бақзолқызы


Өскемен қаласы, химия-биология бағытындағы


Назарбаев Зияткерлік Мектебінің


педагог-ұйымдастырушы-кураторы 


 




Көрілген: 135    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 03.01.2018, 23:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31