Тазалық –таза баланың досы.

Тазалық –таза баланың досы.

Мақсаты: Тазалыққа қажетті бұйымдармен таныстыру. Балаларға заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттердің атауын айтуды, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (сүлгі, сабын, айна, тарақ, қайшы, тіз тазалайтын пасты) сипаттауға үйрету.

Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қуыршақ , тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна.

Үш тұғырлық: бет-лицо-face

 

Мотивациялық – қозғаушылық:  Балаларды жартылай шеңберге тұрғызу: Алақанымызды ашайық, Таза ауадан салайық Жүрек жылуын салайық Жиналған осы шуақты, Қонақтарға шашайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Ұйымдастырушылық –ізденістік

Ғажайып сәт: Осы кезде есік қағылып қонаққа кір қожалақ Айдана қуыршақ келеді. - Балалар қараңдаршы Айдана қуыршақтың түрі қандай екен? - Айдана қуыршаққа лас болып Балалар өлеңді қызыға тыңдайды, қимылмен жасап көрсетеді. Алақанымызды ашайық, Таза ауадан салайық Жүрек жылуын салайық Жиналған осы шуақты, Қонақтарға шашайық. Күз мезгілі. Балалар қонаққа таңырқап қарап қалады. - Айдана қуыршақ лас болып келді. - Иә көмектесейік, жуындырайық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Лас болып жүру дұрыс емес екенін түсіндірейік, жуындырып таза болуға көмектесейік пе? - Ал,сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме? -Таңертең жуынасыңдар ма? -Тістеріңді жуасыңдар ма? -Шаштарыңды тарап,айнаға қарайсыңдар ма? -Таза болғыларың келеме? -Дұрыс,таза жүріп, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. - Ендеше осы Айдана қуыршақты мына таза сумен жуындырайық. Ол үшін біз қандай су туралы тақпақты есімізге түсіре отырып қайталап айтайық Қуыршақ Айдананы жуындыру. Балаларға ыдысқа су құюды, сабынды езуді, сүлгімен қалай сүртіну керектігін көрсету. Қандай тақпақ жаттағандарын сұрау. Сергіту сәті: «Ақ қоян»

Балалардың іс-әркеті

- Иә жақсы көреміз. - Иә жуынамыз - Иә жуамыз - Айнаға қараймыз. - Иә таза жүру керек. Балалар жуынып жатқан Айдананы бақылайды. Су, сабын, сүлгі туралы тақпақты қайталап айтады Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу Жуынсан сен әрдайым, Таза бетін маңдайын Тазалықтың досы- Су дегенің осы. Сабыңдаған кезімде , Ашытады көзіңді Бола берсең төзімді Тап-таз етер өзіңді Тазалықтың досы- Сабын деген осы. Ақ мамықтай түгі бар, Қызыл жасыл гүлі бар Жұмсақтығы мамықтай Сүртінесің жалықпай Тазалықтың досы- Сүлгі деген осы. Тәрбиешінің көрсетуімен қимыл-қозғалыстар жасайды. Ақ қоян-ау,ақ қоян Орныннан тұршы Беті-қолыңды жушы, Айнаға қарашы, Әйбат көйлек киші

Рефлексиялық – түзетушілік

 «Дұрыс тап» Шарты: Суреттердің ішінен тазалыққа қажетті бұйымды тауып, атын атап, тақтаға ілу керек. - Балалар бүгінгі не жайлы әңгімелестік? - Бізге қонаққа кім келді? - Қуыршақ Айданаға не үйреттік? - Сендерге не ұнады? - Бүгін жақсы тақпақтар айтып бердіңдер, жарайсыңдар. Тазалықты сендер де сақтап жүріңдер. Орныңа отыршы. Балалар қызыға орындайды Ойынға барлық бала қатысады -Тазалық туралы, су, сүлгі, сабын жайлы әңгімелестік. -Айдана қуыршақ келді. - Тазалықты сақтауды үйреттік. - Айдананың жуынғаны ұнады - Алақай.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тазалыққа қажетті заттарды.

Игереді: тазалық сақтау туралы түсінікті.

Меңгереді: таза жүруді.

 

 Рахимбекова Индира Акановна

ШҚО, Өскемен қаласы

«Шығыс Балдырған» ЖШС

балабақша- бөбекжайы

II санатты тәрбиеші

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста