«Терең білім –тәуелсіздігіміздің тірегі»

«Терең білім –тәуелсіздігіміздің тірегі»

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны». Ел президенті Н.Назарбаев білімге ұмтылған студенттерге зор сеніммен қарап, мемлекеттің болашақ иелеріне үлкен үміт артып келеді.

Әлем елдерінің алдыңғы шебіне білім-білігімен іліккен ұлттың ғана еңсесі биік, жүрісі нық болады. Бұл көшбасшылыққа ұмтылған көптеген мемлекеттердің арасында талай мәрте дәлелденген қағида. Құқықтық, зайырлы, тәуелсіз ел үшін жастарының жаңа заманауи үрдерістердің бәрін меңгеріп, көш алдында жүргені мәртебе. Бүгінгі жастар тәуелсіздіктің қадірін біледі, жас мемлекеттің ертеңгі ту ұстары өздері болатынына және ол мемлекеттің шын мәніндегі демократиялы, өркениетті елге айналатынына сенеді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы өткенімізге үңіліп, келешегімізге болжам жасайтын мезгілдің жеткендігін айқындайды. Халықаралық бизнес университетінің студенттері өз мемлекетінің өткен тарихын ұлықтап, тәуелсіздікті тарту еткен батыр бабаларының ерліктерін еске алатын шаралардың ұйытқысы болуда. Университетте өткен «Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына халықаралық құқық нормаларын енгізу мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция мен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл: жаһандық жауапкершілік, ел бірлігі, инновациялар, бастамалар» атты дөңгелек үстел осы сөзіміздің дәлелі. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы э.ғ.д., профессор, ХБУ-дің ғылыми-зерттеу жұмысының проректоры Мағбат Спанов 25-жылда Қазақстанның қол жеткізген табыстарының орасан зор екендігіне тоқталды. Ауқымды басқосуда «Бүгінде әр қазақстандық біздің Отаны¬мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек. Егер әр азамат осылай пайымдайтын болса, бүкіл еліміз өзінің дамуына қарқын қосарына менің сенімім мол. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады»-деген Елбасының сөзінің өзектілігі тағы алға шыққаны тілге тиек етілді.
ҚР-ның қолданыстағы заңдары тәуелсіздігі орныққан елде одан әрі қарай да жетілдіріле түсетіні заңдылық. Осы тұрғыда, Халықаралық бизнес университетінде өткен ғылыми-теориялық басқосу ел заңдарының ендігі таңда халықаралық стандартқа сай болуы мен халықаралық құқық нормаларын енгізу мәселелерін білікті мамандардың, университет студенттерінің талқысына салды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл: жаһандық жауапкершілік, ел бірлігі, инновациялар, бастамалар» атты дөңгелек үстел мемлекетіміздің кейінгі 25-жылдағы өткеніне шолу жасады. Жаппай жаһандану процесіне аяқ басқан әлем елдері үшін ел бірлігі мен сол елдің ішкі әлеуетін бағамдау маңызды. Ендеше, біздегі бұл процесс көшбасшылыққа ұмтылған Орта Азиядағы айтулы елдің айшықты қадамдарынан хабар береді. Жаңа инновациялар заманында ойы алғыр, білім-білігі зор ұлттың ғана тасы өрге домалайды. Экономикада болсын, саясатта болсын, мәдениет пен ақпараттық технологияларда болсын бүкіл әлем бет бұрған жаңа инновациялар мен тың бастамалар үстемдік құратын жасампаз дәуір енді. «Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста толықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012-жылғы 6-қыркүйекте студенттердің алдында сөйлеген бұл сөзінің маңызы артты. Адамзат үшін өзгермейтін білім деген құндылық сап алдына шықты.
Халықаралық бизнес университеті осындай мақсаттарды басшылыққа ала жүріп, бүгінгі таңда республикадағы алдыңғы қатарлы білім беретін беделді бір оқу орнына айналды . Университетте өтіп жататын игілікті істер сансыз.Солардың бірі мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен өткен кездесу. Арслан Аманбайұлы Ибашов жетекшілік ететін әлеуметтік-экономикалық ғылымдар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен басқосуда бүгінгі қоғамда аса өзекті болып отырған геосаяси ахуал, әлеуметтік, экономикалық, рухани мәселелер сөз болды. Бүгінде әлемдік мәселеге айналып отырған Қытай проблемасы ғалымның нақты түсіндірумен жиналғандардың бұл тақырып төңірегінде сауаттануына негіз болды. « Қытай - Қазақстан үшін, жалпы әлем үшін үлкен мәселе. Қытайға біз ықпал ете алмаймыз, оны өзгерте де алмаймыз. Демек, бар мәселе өзімізге келіп тіреледі. Трансшекаралық өзендер, бізге келіп жатқан Қытайдың алпауыт компаниялары бар. Газ-мұнай құбырларын тартып жатыр. Осы мәселелерге қатысты пікірталаста оңай ұтылып қалмауымыз қажет. Қытайтану институты жоқ бізде. Оны құруға тек қана саяси ерік-жігер керек. Мұндай институт Қытайға ұнамайды деп қауіптенетін секілдіміз»-дейді студенттермен кездесуінде Мұрат Мұхтарұлы. Қазақстан мен Қытайдың өзара қарым-қатынасы, әлемде болып жатқан саяси үдерістер, АҚШ-та болған өзгерістерге байланысты алпауыт елдердің арасындағы қатынастарда болуы мүмкін өзгерістерге және т.б. қатысты көптеген сұрақтарға білікті маман, қоғам қайраткері өте сауатты жауаптар қайтарып отырды.
Жиналғандардың көпшілігі Қазақстан мен Қытайдың шекарааралық өзендері туралы алаңдаушылық білдірді. Мұрат Мұхтарұлы мұндай ғаламдық мәселелерді халықаралық деңгейде көршілес мемлекеттермен сауатты саяси диалогтар құра отырып шешкен оңды нәтижисін беретінін айтты. Кездесу барысында Мұрат Мұхтарұлы студенттерге оқу мен еңбекте табыс тілеп, алған білімдерін Отанымыз Қазақстанның игілігі үшін жұмсайтындарына сенім білдірді.
Шолпан Рақымқызы

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста