Жаңалықтар

Тіл - мемлекет тірегі

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне арналған шетелдік студенттерге «Тіл - мемлекет тірегі» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел басына кафедра оқытушылары мен дүние жүзінен келген, осы кафедрада білім алып жүрген шетелдік студенттер қатысты.


Дөңгелек үстел жұмысында модератор міндетін атқарған ф.ғ.к., доцент Р.М. Есбулатова дөңгелек үстел басына жиналған қауымды «22 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күнімен» құттықтап, қазақ тілі жайында ой-толғамдарын жеткізе, келелі ойларымен бөлісті. «Қазіргі кезде Қазақстан тек экономика саласында ғана емес, сонымен бірге ғылым, білім және мәдениет салаларында да лайықты орын алатыны жайлы, тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігінің артқандығы туралы, елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары», – деп жастарды пікірлесуге шақырды.



Дөңгелек үстелде ары қарай сөз алған ф.ғ.к., доцент Г.С. Қойшыбаева «Қазақ тілі пәнінің» оқытылу барысы, қазіргі уақытта мемлекеттік тілді кәсіби тұрғыда меңгертудің өзектілігі жайлы сөз етіп, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!- деді.


Аталмыш шара қазақ тілінің бүгіні мен болашағы және әр тілдің бірегейлігі мен өзгешілігін ашуға бағытталды. Дөңгелек үстелде мемлекеттік тіл туралы оралымды ой тасталып, тұшымды пікірлер айтылды.


Дөңгелек үстел отырысын қорытындылауда кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Г.Қ. Ихсангалиева Елбасының данышпан саясатының арқасында елімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілдерін, мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталып, маңызды іс-шарада белсенділік танытқан топтарды, жеке тұлғаларды атап, тіл мамандарына өз ризашылығын білдірді.


Студенттер Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі жөнінде көптеген сұрақтар қойды.


«Тіл - мемлекет тірегі» атты мемлекеттік тіл мерекесіне арналған дөңгелек үстел мәдени диалог түрінде шетелдік студенттердің өздерінің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті, сонымен қатар студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деп санауға болады.


Саденова А.Е., Есбулатова Р.М.

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары


 




Көрілген: 346    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 22.09.2017, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31