Жаңалықтар

Тіл мен мәдениеттің әріптестік арнасы

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті – шетелдіктерге қазақ және орыс тілдерін жоғары дәрежеде оқытатын көшбасшы факультеттердің бірі. Шетелдік азаматтарды қазақ және орыс тілдерін меңгеруге ынталандыруда, білім берудің сапасын көтеруде, мәдениетаралық байланысты дамытуда және Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен серіктестікті дамыту барысында факультеттің қызметі зор.


Қазақстан мен Қытайдың арасында мәдениет пен білім саласында белсенді ынтымақтастық орнаған. Әсіресе, білім саласында атқарылған шара аз емес. Әріптестігімізді нығайтуға арналған кездесу білім беру саласында ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталды.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Тіл мен мәдениеттің байланысы» атты дөңгелек үстел өтті. Оған факультет оқытушы-профессорлары және Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулдығының өкілдері қатысты.


Дөңгелек үстелде жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы Ж.Е. Жаппасов кіріспе сөз сөйлеп, тіл меңгертудегі тіл мен мәдениеттің байланысы, оның ерекшелігі туралы баяндады.


Осы алқалы жиынның барысында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева бүгінгі таңдағы тіл туралы ең өзекті мәселені талдап, тіл үйренушінің тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде меңгеруі мен қолдануында сол үйренген тілдің қалыптасуына арқау болып отырған мәдениетті үйренудің маңыздылығы және тіл үйрету барысында оқылып отырған тілді қолданушы халықтың мәдениетін оқытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері, бағыттары жайлы мәселелерге тоқталып өтті.


Аталған дөңгелек үстел барысында Алматыдағы Қытай Халық Республикасының консулы Ваң Си Пин мырза: «Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда, тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Әр ұлттың өзіндік ерекшелікке ие ұлттық мәдениеті болады. Тіл – мәдениеттің жаршысы, тілдік қолдану тәсілі әр ұлттың мәдениет ерекшелігін бейнелейді. Қай шет тілін үйренсе де, оны жақсы меңгеру үшін сол тілді қолданатын халықтың мәдениетіне қанық болуға ерекше мән бөлу қажет» - деді өз сөзінде.


Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беруге дайындығы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы А.Е. Саденова: «Әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері тілді меңгеріп қана қоймай, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін үйренуде. Ендеше әрбір тіл үйрету сабақ барысында сабақ мазмұнына мәдениет туралы білімдерді саналы түрде, үздіксіз сіңіріп отыру керек», - деп атап өтті. Сондай-ақ, барлық дөңгелек үстелге қатысушылар тіл меңгертудегі тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл мәселесінің қазіргі жағдайы туралы өз ойларын ортаға тастап, өзекті тақырып төңірегінде пікір алысты.


Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамыту мақсатында өткізіліп отырған бұл кездесуде екі жақты білікті, тәжірибелі оқытушылармен тәжірибе алмасу туралы әңгіме жалғасын тауып, келген қонақтар факультеттегі мұражайды аралап, өз қызығушылықтарын білдірді.


Г.Қ. Ихсангалиева., А.Е. Саденова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім

беру дайындығы кафедрасы

 




Көрілген: 230    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 13:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек 2017
    Алматы – жастар қаласы
    22 Қыркүйек 2017
    Тіл - мемлекет тірегі
    4 Қыркүйек 2017
    Рухы биік дара тұлға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31