Тілдік құзыреттілік және сөйлеу мәдениеті

Тілдік құзыреттілік және сөйлеу мәдениеті

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Тілдік құзыреттілік және сөйлеу мәдениеті» атты семинар өткізді.
Оқытушы шетелдік студенттерге тіл үйретіп, білім беру үшін алдымен оқу үдерісінің дұрыс жүргізілуін жетік меңгеруі қажет. Бұл тұста педагогикалық қабілеттілік пен ұстаздық өрелік қажет. Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы 30 жылдан астам уақыт бойы білім әлемінде желкен керіп келеді.
Осы уақытқа дейін кафедраның ғылыми базасы дамып, қасиетті қара шаңырақ аясында көптеген жас мамандарының топшысын қатайтып, қияға самғатты. Бұл семинар ұзақ жылдардағы кафедра жұмысының нәтижесін көпшілікке кеңінен таныстыруға зор мүмкіндік берді.
Мазмұнды шараға факультет оқытушы-профессорлары және Алматыдағы университеттерден білікті де білгір мамандар қатысты.
Семинарда шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі Г.Қ. Ихсангалиева кіріспе сөз сөйлеп, тіл меңгертудегі тіл мен мәдениеттің байланысы, оның ерекшелігі туралы баяндады және аталмыш кафедраның педагогика саласындағы зор еңбектерін ерекше мақтанышпен айтты.
Алқалы жиынның барысында бүгінгі таңдағы тіл туралы ең өзекті мәселе талданып, тіл үйренушінің тілді шет тілі немесе екінші тіл ретінде меңгеруі мен қолдануында сол үйренген тілдің қалыптасуына арқау болып отырған мәдениетті үйренудің маңыздылығы және тіл үйрету барысында оқылып отырған тілді қолданушы халықтың мәдениетін оқытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері, бағыттары жайлы мәселелер талқыланды.
Семинар көптеген ауқымды тақырыптарды қамтыды. Бұл семинарға қатысушылар рет-ретімен түрлі тақырыптарда өз баяндамаларын оқыды, әртүрлі тың тақырыптар тыңдалды. Баяндамашылар баяндама барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп, қызу талқылауға қатысты. Педагогтар жиын барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, мастер-класс көрсетіп, ой-пікір алмасты.
Сондай-ақ, барлық семинарға қатысушылар тіл меңгертудегі тіл мен мәдениеттің байланысы, тіл мәселесінің қазіргі жағдайы туралы өз ойларын ортаға тастап, өзекті тақырып төңірегінде пікір алысты.

 

А.Е. Саденова.,Л.С. Торохтий
Шетелдіктердіңтілдікжәнежалпыбілім
беру дайындығыкафедрасыныңоқытушылары

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста