Жаңалықтар

ҰБТ-ға бір ай қалды. Білім министрі мектептерді жазаламауды сұрады

  • © Минобразования РК

    © Минобразования РК

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев үкімет отырысында ҰБТ-ға дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Биыл мектептегі бітіру емтиханы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өткізіледі. Емтихан бес пәннен, оның ішінде төртеуі міндетті және мектептегі оқыту профилі бойынша бір таңдау пәнінен тұрады. Барлық емтихан ауызша, жазбаша және тестілеу түрлеріне бөлінген. Бітіру емтихандарының материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы дайындады. Ол барлық облысқа арнайы байланыс желісі арқылы 25 мамырға дейін жеткізіледі", — деді білім министрі.


Сағадиев биыл ҰБТ форматы өзгеріссіз екенін атап өтті. Мектеп бітіретін оқушылардың басты сынағы 20 маусым мен 1 шілде аралығында болады.


"Тест сұрақтарының саны – 120. Максималды балл –140, шекті балл – 50. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинау қажет. Қазіргі таңда ҰБТ-ның барлық пәні бойынша тест сұрақтарының базасы қалыптасқан. Сұрақтар базасы 50 процентке жаңартылды. Осы жылы ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергендер саны 102 442 немесе жалпы мектеп бітірушілердің 70 процентін құрайды. Оның ішінде түлектердің 75 проценті қазақ тілінде, 25 проценті орыс тілінде тапсырады", — деді ведомство басшысы.


Сондай-ақ, министр биыл түлектерге сынақты ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отырғанын айтты.


"Министрлік ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердің рейтингін жүргізбейді. Әкімдерге арнайы айтқым келеді: ҰБТ нәтижелері бойынша жергілікті жерлерде жазалау шаралары қолданылмауы тиіс", — деді Сағадиев.


Бұған қоса, білім министрі ҰБТ-ға дайындық барысында шешуді қажет ететін мәселелер барын атап өтті.


"Бірінші, мониторинг нәтижесі бойынша министрлік тарапынан облыс әкімдіктеріне бірнеше рет техникалық құралдарды, оның ішінде 4 G мобильді байланыс сигналдарын басу құралдарын, метал іздегіштер, онлайн-трансляциялау камераларын сатып алу және ҰБТ пунктерін қамтамасыз ету қажеттігі туралы хат жолданды. Бүгінгі мониторинг нәтижесіне сүйенсек, өңірлердегі ҰБТ өткізу пунктері әлі де заманауи техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілмеген", — деп мәлімдеді Сағадиев.


 


 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31