Жаңалықтар

ҰБТ: қазақстандық түлек химия формулаларын бөтелке сыртына сыйдырған

  • ҰБТ: қазақстандық түлек химия формулаларын бөтелке сыртына сыйдырған

    ҰБТ: қазақстандық түлек химия формулаларын бөтелке сыртына сыйдырған

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ барысында анықталған ең тапқыр «шпаргалканы» көрсетті.

Оның айтуынша, мектеп түлектерінің бірі химия формулаларын минералды су сыртына жазып алған. «Жыл сайын өз арамызда ең тапқыр «шпаргалкалар» тізімін жасаймыз.


Биыл бірегей минералды су бөтелкесі табылды. Онда судың құрамы, заңды мекенжайының орнына химия формулалары жазылған. Ал заң бойынша, аудиторияға минералды су алып кіруге рұқсат етілген», — Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, минералды су бөтелкесі «шпаргалкалардың» бейресми рейтингінде әзірге көш бастап тұр. «Бұл түлектің тапқырлығы бізді қуантады. Себебі, жылдан-жылға ҰБТ-да баланың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтайтын сұрақтар көбейіп келеді.


Яғни, логикалық ойлау, талдау және білімді тәжірибе жүзінде қолдана алу қабілеті маңызды. «Шпаргалка» авторы техникалық бағытты таңдағаны дұрыс.


Ол өзінің тапқырлығымен, ептілігімен еліміз үшін үлкен пайдасын тигізе алады», — деп қалжыңдады Тестілеу орталығының басшысы. Айта кетейік, ҰБТ-ның алғашқы үш күнінде Қазақстандағы орташа балл 83-ті құрады. Ең жоғары нәтиже Алматы қаласында Т. Рысқұлов атындағы ұлттық экономикалық университетте тіркелді.


Онда алматылық Хамзин Дәулет Азатұлы 139 балл жинады. Республика бойынша 704 мектеп бітіруші 130-139 балл аралығында нәтиже көрсеткен. Биыл республика бойынша мектеп бітірушілердің 70%, яғни 102 мыңы ҰБТ тапсырады.


Мектеп бітірген 147 мың түлектің басым бөлігі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырады. ҰБТ-да жалпы 80 мың сұрақ болады. 2018 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары 50 пайызға жаңартылған. Қазақстандық мектеп бітірушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге екі рет мүмкіндік беріледі.


Екеуінде де қажетті балл жинай алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады. Сондай-ақ, астаналық түлек ҰБТ-ның арқасында көз жазып қалған ғашығын тапты.


 




Көрілген: 414    Пікірлер: 0

сенбі, 23.06.2018, 15:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!
    5 Наурыз, 16:39
    Білімді ел – мәңгі ел

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31