Жаңалықтар

ҰБТ тапсыру ережелеріне толықтырулар енгізілді

  • ҰБТ тапсыру ережелеріне толықтырулар енгізілді

    ҰБТ тапсыру ережелеріне толықтырулар енгізілді

Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов алдағы Бірыңғай тестілеуге дайындық туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл - 120 мың. 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Мұндайды былтыр енгізгенбіз. Бұл пәнді терең түсінуге, құрғақ жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Бұл бітірушінің ойлай алуы үшін жасалған", - дейді Әлімқұлов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында. Оның сөзінше, 2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді, алайда, тест тапсырушылардың ыңғайлығы үшін аздаған өзгерістер жасалды. ҰБТ бес пән бойынша өтеді: үш міндетті және екеуін таңдауға болады. "Ауырып қалса не басқа да негізді себептер туындағанда қалада басқа да тапсыру пунктері болса, бітіруші сол лекпен, қабылдау комиссиясының шешімімен тапсыра алады. Бітіруші бір пункке бекітіледі, қандай да бір себеппен өзінің пунктінде тапсыра алмай қалса, келесі күні басқа пунктке барып, сонда тапсырады. Өйткені өзінің пункті жабылып қалады. Бұрын бітіруші басқа пункте тапсыра алмайтын, өйткені, бақылау-өлшеуші материалдар бекітілген пункте ғана басып шығарылатын", - деп аяқтады сөзін Рамазан Әлімқұлов.




Көрілген: 729    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 20:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Сәуір, 11:23
    Қош келдің - Наурыз!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31